25 наурыз 2014 16:52

Ғалымдар төрткөз балықтың құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Detsky-mir.com ©Detsky-mir.com

Германияның Тюбинген университетінің ғалымдары балықтың төрт көзі бар ерекше түрін зерттеуге кірісті деп хабарлайды Utro.ru. Төрткөз балыққа Rhynchohyalus natalensis деген ғылыми атау берілген. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияны бөліп жатқан Тасман теңізінің 800-1000 м тереңдігін мекендейді. Профессор Ханс-Йоахим Вагнер балықтың артық көздері эволюция барысында пайда болды деп есептейді. Тереңді мекендейтін балық төрт көзінің арқасында төңірегіндегі 360°-ты түгел көре алады, бұл оған жыртқыштардан қорғануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қосымша көздер оған қорегін оңай табуға көмектеседі. Төрткөз балық Тасман теңізінде жүргізілген халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы барысында ауға іліккен. Оның ұзындығы - 18 см. Балықтың әр көзі жоғарылы-төменді қарай алады. Төменге қараған көздер инфрақызыл диапазондағы, ал жоғары қараған көздер оптикалық диапазондағы бейнелерді байқайды. Айта кетейік, ғылымда огра өрмекшілері көзі ең көп жәндік саналады. Олардың алты көзі болады, бұл артықшылығы жәндіктерге түнде төңіректі жақсы бағдарлауға және қорегін аңдуға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети