06 қазан 2015 18:13

Гана тайпасының мұрагер ханзадасы қырғыз елінен қалыңдық тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниел Нии Арма Тего. © zanoza.kg Даниел Нии Арма Тего. © zanoza.kg

Футболдан Қырғызстан құрамасының қорғаушысы ганалық Даниел Тего қырғыз қызы Елнұр Орозбаеваға үйленгелі жатыр, - деп жазады Zanoza порталы.


Футболдан Қырғызстан құрамасының қорғаушысы ганалық Даниел Тего қырғыз қызы Елнұр Орозбаеваға үйленгелі жатыр, - деп жазады Zanoza порталы.

Даниел Нии Арма Тего африкалық монархтардың бірінің үлкен ұлы. "Шынымды айтсам, бұл тақырыпта ойланып көрмеппін, иә, үйлену тойынан кейін мен ханшайым боламын", - деді Елнұр.

Даниелдің туыстары жұпты құттықтап үлгерді. Сонымен қатар, футболшының әкесі, ганалық тайпалардың бірінің королі үлкен ұлының үйлену тойына қатысуды жоспарлап отыр. "Әзірше қырғыз дәстүрімен үйлендік, ресми түрде некелескен жоқпыз. Үйлену тойының күнін де белгілемедік, себебі Даниелдің әкесінің қашан келетіні белгісіз. Біріншіден, оның жұмыс кестесі, өзге корольдардыкіндей өте тығыз, екіншіден, визаның қашан берілетіні белгісіз. Қазір Қырғызстанға шақырту рәсімдеп жатырмыз", - деді Елнұр.

Қыздың айтуынша, ол Даниелмен Интернетте танысқан. Қырғызстанда 2008 жылдан бері тұратын, жергілікті азаматтықты алып үлгерген жігіт өзінің бірінші хабарламасын Елнұрға осыдан екі жыл бұрын жазыпты. Бастапқыда ганалық ханзаданы қырғыз аруы елемеген көрінеді. Алайда кездесу оның футболшыға деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен.

"Басында оны басқалар сияқты деп ойладым. Хат жазысып жүргенде ол менің жолдасым болады деген ой мүлдем болған жоқ. Бірақ кездескеннен кейін ол туралы ойым түбегейлі өзгерді. Ол өте мейірімді және қарапайым жігіт болып шықты", - дейді қыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети