Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Гарвард университеті студент пен оқытушының жыныстық қатынасына тыйым салды

06 Ақпан 2015, 15:42
0
©fa.ru
©fa.ru

АҚШ-тың Гарвард университетінде бакалавр студенттері мен оқытушыларының арасында романтикалық және жыныстық қатынастың болуына тыйым салынды, - деп хабарлайды Lenta.ru USA Today басылымына сілтеме жасап. 

Оқу орны басшыларының айтуынша, мұндай қатынасқа қатысты бұрын университет ішінде ереже болған, бірақ ресми түрде тыйым салынбапты. "Студенттер колледжге білім алу үшін келеді, ал біз мұнда олармен жыныстық қатынас құру үшін жүрген жоқпыз", - дейді профессорлардың бірі.

Басылымның мәліметінше, Гарвард университетінде магистратура студенттері мен оқытушылардың немесе шәкіртті диссертация қорғауға дайындап жүргендердің арасындағы жеке қатынасқа тыйым салынбаған, тек ол профессор студенттің ғылыми жетекшісі болмауы тиіс.

Айта кетейік, Америка университеттерінде студенттер мен оқытушылардың арасындағы романтикаға және жыныстық қатынастарға қатысты ережелер түрленіп отырады, кейбір жоғары оқу орындарының жарғысы мұндай қатынасқа түбегейлі қарсы, яғни мақұлдамайды, бірақ тікелей тыйым да салмайды. Алайда соңғы кездері Американың Йель сынды атақты университеттері өз саясаттарын қайта қарап шығып, студент пен оқытушы арасындағы жақын қарым-қатынасқа тыйым салды. Оның мақсаты - оқытушылар құрамының өз қызмет жағдайларын теріс пайдалануына жол бермеу.   


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай