Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Гиннесстің рекордтар кітабындағы жылдың үздік жетістіктері іріктелді

12 Қаңтар 2015, 21:47
0
©guinnessworldrecords.com
©guinnessworldrecords.com

Гиннесстің рекордтар кітабының авторлары 2014 жылдың басты алты жетістігін жария етті, енді бұлардың арасынан рекордтар кітабы ресми сайтының қолданушылары ең үздігін анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылдың үздік оқиғалары "авторларының" қатарын өткен жылы Ресей, Португалия, Франция, АҚШ және Жапония өкілдері толықтырды. 

Жылдың басты рекордшыларының бірі - жалпы ұзақтығы 41 күн болатын марафондарды жүгіріп шыққан португалиялық желаяқ Мария Концейцао. Сонымен бірге, үздік рекордтар тізімін 23,78 секундта секіртпе жіптен 100 рет аттаған америкалық Питер Нестлердің жетістігі де толықтырып отыр. Алты жетістіктің екеуі жапон азаматтарына тиесілі, олардың бірі фотосуретке арналған ең үлкен фонды жасаса, екіншісі атбұршақтан ірі мозаика құрастырған. 

Гиннесстің рекордтар кітабына тағы бір алып мозаика еніп отыр, оны Ресей мен Францияның бірлескен командасы құрастырды. Мозаиканың ауданы - 150 шаршы метр, оны жасауға 285 мың тығын мен 270 келі желім жұмсалды. АҚШ стадионында 344 адамның филиппиннің тиниклинг діни биін орындауы да үздік жетістіктер қатарына енді. 

Өткен жылдың үздік жетістіктері сайттағы дауыс берудің нәтижесі бойынша іріктелді. Гиннесстің рекордтар кітабы - жыл сайын шығарылатын жинақ. Оған адамдардың үздік жетікстері мен табиғи артықшылықтары енгізіледі.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай