Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Граффитпен бейнеленген отбасы мен салт-дәстүр суреті Алматыдағы тарих мұражайының қабырғасына сән берді

18 Маусым 2015, 19:58
0
© Fingers.kz
© Fingers.kz

Граффитпен бейнеленген отбасы мен салт-дәстүрдің 17 метрлік суреті Алматыдағы тарих мұражайының қабырғасына сән берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тарих мұражайы Достық даңғылы бойындағы "Искра" кинотеатрының маңында орналасқан.

Жобаның арт-директоры Вячеслав Потаповтың айтуынша, 2002 жылы ашылған тарих мұражайын алматылықтар көп біле бермейді. Осыған байланысты олар жастардың көңілін аудару мақсатында осындай жоба жасаған. Қабырғада балбал тас, батырлар мен жас ғашықтар бейнеленді.

"Біз негізгі идея ретінде отбасыны алдық. Алматы көшелерінде, яғни "Алматы" қонақ үйі мен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында арт-қабырғалар жасадық. Кеңес заманынан қалған мұраларды графитпен жеткізе білдік. Сонымен қатар, колористиканы да қолдандық", - деді Потапов.

Мұражайдағы граффит арқылы бейне жасаумен дизайнер Тоғжан Ибрагимова, граффитшілер Павел Рожков пен Дмитрий  Самсоненко айналысты. 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай