Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Хандықтың 550 жылдығына арналған логотип авторы өзіне айтылған сынға жауап берді

18 Ақпан 2015, 15:05
1
Конкурста жеңген логотип
Конкурста жеңген логотип
Алмаз Нұразхан. ©Facebook
Алмаз Нұразхан. ©Facebook

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотиптің авторы Алмаз Нұразхан өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен логотиптердің 30 нұсқасын жібердім. Қазылар алқасы таңдады және менің бұған ешқандай қатысым жоқ, оларға не істеу керектігін айтуға құқығым жоқ. Олар оны үздік деп тапты. Өз басым логотипті жақсы деп санаймын, неге олай болмасқа? Адамдар талқылап жатыр, сынап жатыр, бізде бәрі суретші және дизайнер ғой. Мен дауласуды және біреуге дәлелдеуге тырысуды дұрыс деп таппадым", - деді ол.

Нұразхан конкурсты ұйымдастырған Қазақстан халқының рухани даму қорын басқарғаны жайлы түсінік берді. "Мен расында бұл қорда жұмыс істедім, бірақ одан көп уақыт өтіп кетті. (...) Маған ақша тіпті қажет емес, тіпті жүлде қорының да бар екенін де білмеппін. Маған әзірше төлеп бермеді. Егер біреу жақсы логотип жасаса, оған сол ақшаны сыйға тартуға дайынмын. Бұл мәселе емес", - деп мәлімдеді Нұразхан.

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бұл конкурс 2014 жылы 10 қараша жарияланған болатын. Конкурсқа жалпы 14 адам қатысты. Жүлде қоры - 365 мың теңге. Жеңімпаз логотип жарияланғаннан кейін Қазнет қолданушылары наразылық білдірді. Интернет қолданушылары жеңген логотиптің нобайын автордың Қазақстан туынан алынғанын айтты.

Желі қолданушылары конкурсты қайта жариялау керек деп есептейді.

Алмаз Нұразхан жасаған басқа да логотиптер:

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай