30 сәуір 2014 11:07

Ханзада Гарри сүйіктісімен айрылысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ханзада Гарри мен Крессида Бонас. ©REUTERS Ханзада Гарри мен Крессида Бонас. ©REUTERS

Ханзада Гарри өзінің көңіл жарастырып жүрген қызы Крессида Бонаспен айрылысып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The People журналына сілтеме жасай отырып. 


Ханзада Гарри өзінің көңіл жарастырып жүрген қызы Крессида Бонаспен айрылысып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz The People журналына сілтеме жасай отырып. 

Басылымның жазуы бойынша, ханзада Гарри таяуда ғана өзінің достарына 25 жастағы Крессидамен араларында түсінбестік туып жүргенін айтқан екен. Крессида Гарридың өзіне тым көп назар аударуын талап ететін көрінеді. Журналда ханзаданың:  "Кейінгі кезде жұбымыз жараспай жүр, мен Крессидамен бірге бола алмайтынымды түсіндім" деген сөзі келтірілген.

Алайда, наурыз айында аталған жұп  Уэмбли стадионында We Day UK ұйымына арналған қайырымдылық концертіне ресми түрде қатысты. Сол уақытта Гарри мен Крессида өздерінің сезімдерін еш жасырмаған, тіпті Крессида жігітін көпшіліктің көзінше сүйіп те алды. Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, наурыз айының аяғында ханзада Гарри мен оның қалыңдығы Крессида Алматыға келіп, Шымбұлақ тау-шаңғы курортынада бірнеше күні демалған болатын. Ол кезде британдық БАҚ ханзада Гарри Бонасқа тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жайтынын да жазған еді. 

Крессида Бонас текті, атақты отбасынан шыққан. Ол Ұлыбританияның королі Эдуард VII-нің туысы болып келеді. Гарри мен Крессида 2012 жылы жазда танысқан. 2014 жылдың басында батыс басылымдары осы жұптың отбасын құратыны туралы жарыса жазды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети