17 наурыз 2015 16:49

Хасен Қожа-Ахмет Ресей президентіне жазған хаты туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасен Қожа-Ахмет. ©Тengrinews.kz Хасен Қожа-Ахмет. ©Тengrinews.kz

Қазақстан президенттігіне ниет білдіруші Хасен Қожа-Ахмет славян тілінің тууына көне түркі тілі негіз болды деп есептейді. Ол өзінің сенсациялық жаңалығын Владимир Путинге жазған хатында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан президенттігіне ниет білдіруші Хасен Қожа-Ахмет славян тілінің тууына көне түркі тілі негіз болды деп есептейді. Ол өзінің сенсациялық жаңалығын Владимир Путинге жазған хатында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ғылыми жаңалықтарым бар. Жуырда менің жаңа кітабым таныстырылды, ол "Орыс тілі көнетүркілік" деп аталады, оны жоғарғы атаман Юрий Захаров қаржыландырды. Өткен жылы Мәскеуде болғанымда орыс тілінің және күллі славян тілінің көне түркі тілінің негізінде дамығанын дәлелдедім. Мәскеуде мені жақсы түсініп, бұл тұжырымды жақсы қабылдады", - деді Қожа-Ахмет, ол осының бәрін баяндап, Ресей президентіне хат жазғанын айтты.  

"Мен Путинге біздің Еуразиялық одақ экономикалық пайдаға емес, этникалық негізде тұрғызылуы керек екенін жаздым, себебі барлық славян сөзі - біздің түркілік сөздер. Бұл славяндардың Азиядан тарағанын, олардың еуропалықтар емес екенін көрсетеді. Геродот скифтер массагеттермен жанжалдасып, Азиядан көшкен деп жазады. Тарихшылар мұны неге жасырады? Сарматтар деген кімдер? Ол - Украина, поляктар, бәрі - сарматтар. Міне, менің осындай үлкен жаңалықтарым бар", - деді ол. Президенттікке ниет білдіруші өзінің Путинге жазған хатына бес рет сырғытпа жауап келгенін айтты.

Айта кетейік, президенттікке ниет білдіруші Хасен Қожа-Ахмет бүгін қазақ тілі емтиханын ойдағыдай тапсырды. "Лингвистика комиссиясы Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тілді жетік біледі деген қорытынды жасады", - деді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков. Ол ниет білдіруші жазба жұмысында 4 қате ғана жібергенін айтты. 

"Қазақ тілі емтиханында осындай адамдар көп болса екен деп тілеймін", - деді Жолдасбеков. 

Өзін-өзі ұсынушы - Алматының 1949 жылы туған тұрғыны Орталық сайлау комиссиясы тізіміне Қазақтың спорт және туризм академиясы президентінің кеңесшісі деп тіркелген. Ол өзін Қазақстанның тұңғыш оппозиционері санайды. Бұған дейін оның сайлауға өз философиялық бағдарламасымен қатысатыны хабарланған еді. "Жаңаша ойлау" аталатын бағдарламасында Қожа-Ахмет "Адамзат қайда бара жатыр?" деген сауал тастайды. 

"Адамзатқа ойланатын және техникаға емес, өзіне бұрылатын кез жетті", - деп мәлімдеген ол бүгінде әлем халқының өз келбетін жоғалтқан тобырға айналып бара жатқанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети