04 қараша 2015 13:18

Илья Ильин "Астана" - "Атлетико" матчында премьер-министрмен селфи жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильиннің парақшасынан алынған скриншот Илья Ильиннің парақшасынан алынған скриншот

Илья Ильин "Астана" - "Атлетико" матчында премьер-министрмен селфи жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін қазақстандық зілтемірші Instagram желісіндегі парақшасына Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовпен түскен суретін жариялады.


Илья Ильин "Астана" - "Атлетико" матчында премьер-министрмен селфи жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін қазақстандық зілтемірші Instagram желісіндегі парақшасына Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовпен түскен суретін жариялады.

"Баршаңызға қайырлы таң!!! Сіздерге қалай екенін білмеймін, бірақ мен Астананың кешегі Атлетикомен өткізген матчын ЖЕҢІС деп есептеймін!!! Ал сурет Мен және Премьер министр, Мәсімов К.Қ мырза деп аталады", - деп өз эмоциясын Илья Ильин оқырмандарымен бөлісті.

Айта кетейік, кеше, елордадағы "Астана Арена" стадионында "Астана" мен "Атлетико" футбол командалары кездесіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Бұған дейін ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасаған болатын. Ауыратлет суретті әлеуметтік желіге салған соң, оған "Жыл селфиі! Біздің құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен!" деп жазды.

Ақорданың баспасөз қызметі болса, бұл селфиді басқа ракурстан жария етті. ҚР Президентінің баспасөз қызметі ол суретті Instagram желісіне жариялап, оған "Екі дүркін Олимпиада чемпионы И.Ильинмен бірге" деп жазды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети