15 желтоқсан 2014 23:10

Илья Ильин Назарбаевпен бірге селфи түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com/ilyailyin4ever ©Instagram.com/ilyailyin4ever

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зілтеміршінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зілтеміршінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Фотосуретке қарағанда, селфи "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналып өткен салтанатты жиын кезінде түсірілген. 

Ауыратлет суретті әлеуметтік желіге салған соң, оған "Жыл селфиі! Біздің құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен!" деп жазды. Фотосуретке #Selfyear # superself #mypresident #селфигода деген хештегтерді жалғаған. 

Осы жаңалық жазылып жатқан кездегі мәлімет бойынша, бұл сурет бір сағат ішінде 8200 лайк жинап үлгерді. Сонымен қатар түрлі әлеуметтік желілерде қайта жарияланып, талқыға түсіп жатыр. Ақорданың баспасөз қызметі болса, бұл селфиді басқа ракурстан жария етті.

Илья Ильин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тату қарым-қатынасы қазақстандықтарға бұрыннан белгілі. Қазақстан Президенті - чемпионаттар мен басқа да халықаралық жарыстардағы жеңісі кезінде Ильинді ең алғаш болып құттықтайтын жанашыр жанкүйерлердің бірі.

Еске сала кетейік, бүгін "Астана Опера" театрында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 23 жылдығымен құттықтады. "Біздің жаңа Қазақстанның жұлдызы оңынан туған. Біздің бәрімізді Тәуелсіздіктің ұлы рухы біріктіреді, сақтайды және мықты ете түседі. Бұл рух Қазақстанның ашық да шуақты аспанының астында жаңа туған әрбір сәбиге, еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасыға, жаңадан салынған әрбір үйге, әрбір қалаға, ауылға беріледі", - деп мәлімдеді Елбасы.

Сондай-ақ бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада 30-дан астам адамға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік марапатқа барлығы 1,5 мың қазақстандық ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети