Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Интернетте қызу талқыланған көйлектің сыры ашылды

27 Ақпан 2015, 18:35
0
‏@ItsQueenElsa
‏@ItsQueenElsa

Интернетте BuzzFeed порталы жариялаған көйлектің түсі қызу талқыға түсті. 

Портал жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, сауалға жауап бергендердің 75 пайызы - көйлектің түсі ақ және алтын түстес десе, 25 пайызы қара-көк деп жауап берген. 

Бұған қатысты атақты адамдардың да пікірі екіге бөлінді: Джимми Фэллон, Джулианна Мур мен Ким Кардашьян ақ-алтын түсті көйлекті көрсе, Тэйлор Свифт, Джеймс Франко мен Канье Уэст қара-көк деп жауап берген. Ал телевизия мен Интернет жұлдызы Ким Кардашьян көйлектің түсіне қатысты жолдасымен бәстескенін әлеуметтік желіде жазыпты. Әнші Тейлор Свифттің хабарламасына қарағанда, ол да көйлектің түсі нақты қандай екенін білмей, абдырап қалған, оның ойынша көйлектің түсі - қара-көк. Ал "Құпия материалдар" телехикаясының жұлдызы Дэвид Духовны көйлектің түсі жасыл-көк деп жауап берген.

Көйлектің суреті Интернетте тез таралғаны сонша, Twitter желісінде #TheDress арнайы хэштегі мен бірнеше сағаттың ішінде көйлекті киіп тұрған жануарлар мен акуланың суреттері пайда бола бастаған. 

Порталдың мәліметінше, 25 ақпанда Tumblr-дің Swiked атты қолданушысы көйлектің суретін жариялап, оның түсі ақ-алтын түстес пе, әлде қара-көк пе деген сұрақ қойыпты. Көйлектің суретін жариялаған Кейтлин Макнилдің айтуынша, ол басында бұл туралы достарымен бәстескен.

Шындығында көйлектің түсі - көк. Ол қалыңдықтың анасына арналып алынған көйлек екен. Оның түсіне қатысты талас тойға бір апта қалғанда басталған. 

Осынша даулы пікірталас туғызған көйлекке байланысты TJournal.ru зерттеу жүргізіп көрді.
 
Офтальмологтардың сөзіне қарағанда, түстің әркімге әртүрлі болып көрінуі көздің көру қабілетінің өзіндік ерекшелігімен байланысты. Ми көз торына түскен ұзындығы әртүрлі түстің толқындарын өңдейді, ал түсті тану жан-жақты эмоциялық реакциялармен байланысты. Сондықтан кейбір адамдар көлеңке жердің өзінде ақ және алтын түсті көрсе, өзгелері тек көк және қара түсті ғана көре алады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай