Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Испанияда сүйіктісінің арқасына күйдіріп ен салған жігіт сотталды

10 Сәуір 2015, 17:10
0
© Rick Wilking / Reuters
© Rick Wilking / Reuters

Испанияның солтүстігінде құрбысының арқасына өзінің лақап атының бірінші әрпін күйдіріп басқан ер адам үш жылға сотталды, - деп хабарлайды Lenta.ru The Local басылымына сілтеме жасап. Оқиға зардап шегуші ұйықтап жатқан кезде болған.

Порталдың мәліметінше, ер адамға зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Судьяның айтуынша, лақап аты Каито (Kaito) Лема Антонио Рикардо Санхурхо (Lema Antonio Ricardo Sanjurjo) қыздың арқасына әдетте жануарларға қолданылатын енді күйдіріп басқан.

Басылымның мәліметінше, жігіт пен қыз бірнеше барға барып, Рикардоның үйіне келген. Бірнеше сағат өткенде қыз ұйықтап қалыпты, ал ұйқыдан тұрып, душқа түсіп жатқанда арқасындағы "К" әрпін көрген.

Зардап шеккен қыздың айтуынша, бұған дейін оның жігіті таңбаны көрсетіп, арқасына күйдіріп басуға рұқсат сұраған, бірақ қыз одан бас тартыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт қызды ұйықтатып тастау үшін спирттік ішімдік берген. Сонымен қатар, дәрігерлер оқиға болғанға дейін қызға ауыруды сездірмейтін дәрінің егілгенін анықтады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай