Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жалаң қолмен қасқыр алатын аңшы Ержан өзі жайында айтып берді

25 Желтоқсан 2015, 14:39
4
© "Дидар" газеті
© "Дидар" газеті

Жалаң қолмен қасқыр алатын аңшы Ержан Қасымбеков Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетіне берген сұхбатында өзі жайында айтып берді.

Басылымның мәліметінше, ауылдастары оны Қасқыр Ержан деп атап кеткен. Төрт түлігін өргізіп, атакәсіпті жалғастырып келе жатқан Ержан түз тағысының тісі малға батса болды, оны алмай қоймайды. Ол қасқырды техникамен қуып жүріп, снайпермен атып алмайды, кәдімгі дәстүрлі әдіспен соғып алады немесе ит салып аулайды.

Қарусыз қасқыр соғатын Қасқыр Ержан

"Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылының тұрғыны Ержан Қасымбеков бала кезден әкесіне еріп Өкпеті, Доланқара, Желдіқара, Қызылтас тауларын кезіп өскен. Әкесі Жұмағазы аңға шығып, ит жүгірткенін көріп ержеткен Ержан сегізінші сыныпта оқып жүргенде бірінші рет қасқыр алған. Содан бері бүгінге дейін аулаған тағыларында есеп жоқ", - делінген жарияланымда.

Қарусыз қасқыр соғатын Қасқыр Ержан

Ол ата-бабасының ізі қалған Қаражал қыстағында бағып отырған малын қасқырға тартқызбаудың амалын ойлап қысты өткізеді. Жылда - осы. Жаз жайлауға түскенше, екі көзі төрт болып орманның сұр жендеттерін аңдиды. Тіпті, ауылдан ұзап кеткен қасқырдың соңына түсіп, күн жүріп, түн жүріп, алмай тынбайды. Көзіне түскен қасқырды жібермей, нағыз дәстүрлі аңшыларға сай тәсілді қолданатындықтан болса керек, ауылдастары Қасқыр Ержан деп таниды. Ал ұлдары өздерін "қасқырдың бөлтіріктеріміз" дейтін көрінеді. Басылымның мәліметінше, Ержанның үлкен ұлы Ерсайын да аңшылық десе делебесі қозып тұрады. Сонымен қатар, отбасында егіз ұлдары Рүстем мен Дастан бар.

Қарусыз қасқыр соғатын Қасқыр Ержан

Ержанның інісі Мерей Қартовтың айтуынша, бірде Ержан апанының аузында ақырып тұрған аюмен бетпе-бет келіп қалады. Абырой болғанда, жалма-жан иығындағы мылтықты оқтап жіберіп, шүріппені басып үлгіреді. Қорғасын оқ тарпа бас салғалы тұрған аюдың кеуде тұсына тиіп, ол Ержанның үстіне құлаған екен.

Қарусыз қасқыр соғатын Қасқыр Ержан

Еске сала кетейік, бұған дейін аңшы Ержан жайлы видеоның жарияланғанын хабарлаған едік. Ол видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар аңшының батырлығы мен қайсарлығына тәнті болды, көптеген пікірлер жазылып, ақпаратты бөліскендердің саны арта түсті.

 

Дереккөзі: "Дидар" газеті


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай