05 қараша 2014 14:24

Жануарлар панасының жарнамасында адам мен иттің сүйісіп тұрғаны бейнеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Openeyes DDB ©Openeyes DDB

Қазақстанда "Белый Бим" атты иесіз жануарлар панасының жарнамасында адам мен иттің сүйісіп тұрғаны бейнеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарнамашылар осылайша Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген атышулы постер төңірегіндегі дауды келеке етеді, сот Havas Worldwide Kazakhstan агенттігіне консерватория ұжымына 34 миллион теңге төлеуді міндеттеген болатын.

Сурет авторы - америкалық фотограф Крис Семброт, Openeyes DDB жарнама агенттігі оның келісімімен иесіз жануарларға арналған "Ақ Бим" панасына қаражат жинау науқанын бастады. Сарказм элементтері бар постердің слоганы - орыс тілінде "Любовь не на миллион". Жарнама агенттігінің креативті директоры Сергей Радионовтың айтуынша, бұл идея Құрманғазы атындағы консерватория мен атышулы постер авторлары арасындағы сот кезінде іске асып отыр.

"Біз өз кампаниямыз арқылы еш еңбек сіңірмей-ақ үлкен сомалар тауып отырған адамдар бар екенін, ал кейбір ұйымдар миллионсыз-ақ игі істер жасап отырғанын көрсеткіміз келді. Мұндай қайырымдылар үшін маңызды мәселелерді шешу үшін айына 200 теңге де жетіп жатыр. Әңгіме "Ақ Бим" туралы болып отыр, мұнда бұралқы иттерді аулауға бастама көтерген жігерлі адамдар жұмыс істейді. Хайуандарға арналған пананы солар ашты", - деді Радионов.

Оның айтуынша, Openeyes DDB - "Не будь бараном" сияқты басқа да әлеуметтік жобалардың авторы. Шілдеде агенттік "Қалаға жарнама агенттіктері керек" аталатын жобаны жаяуларды көшені арнайы белгіленген жерден ғана кесіп өтуге шақырған әлеуметтік науқанмен бастады. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы "Студия 69" клубын жарнамайтын атышулы постер қоғамның жаппай наразылығын туғызған еді. Құрманғазы атындағы консерватория оқытушылары мен студенттері жарнама агенттігінен моральдық шығын ретінде 34 миллион теңге төлеуді талап етіп, сотта жеңіп шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети