Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жарнама компаниялары қауымдастығының басшысы атышулы постер жөнінде пікір білдірді

31 Қазан 2014, 14:46
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

"Қазақстан жарнама компаниялары альянсы" қауымдастығы ЗТБ директоры Болат Қожақов Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген принт үшін жарнама агенттігінен 34 миллион теңге өндіру туралы сот шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азамат ретінде мен де сотқа шағымдана аламын, бірақ еліміздің үш немесе төрт миллион азаматының бірдей шағым беруі дұрыс бола ма? Екінші мәселе: бұл ақша қайда жұмсалады? Сотта жеңіп шыққандар ол қаражатты көркемөнер мектептеріне берсін. Бұл тамаша болар еді", - деді ол Қазақстанда жарнаманы құқықтық реттеу мәселелеріне арналған отырыстың үзілісінде. 

Болат Қожақов салынған айыппұл мен жасалған іс-әрекеттің сәйкестігі жөнінде ештеңе айтпады, бірақ мұндай жарнамаға қарсы екенін мәлімдеді. "Ақшамен бәрін өлшеуге болмайды! 34 миллион теңге аз да болуы мүмкін және сол сияқты мәселені шешу үшін бір теңге де жеткілікті болып жатады. Маған айтуға қиын. Бірақ мен мұндай жарнаманың болмағанын қолдаймын. Бұл этикаға қайшы, әрі заңсыз. Өзіңнің сүйісіп тұрған суретіңді өз интернет-порталыңда жарияла, егер қаласаң. Белгілі тұлғалардың ғана емес, кез келген адамның кескінін пайдалануға жол берілмеуі керек", - деді Қожақов.

Алматыдағы Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер қоғам мүшелерінің жаппай наразылығын туғызған еді. Полицияға постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұраған шағым түсті. Бұдан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскені бейнеленген постерді жасаушыларға айыппұл салды. Әкімшілік хаттаманы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы толтырды. Хамитжановаға 129 640 теңге, ал оның агенттігіне 185 200 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Агенттік сот шешіміне шағым келтіргісі келген, бірақ кейін апелляциялық сотта ұтылып қалды. Бұдан кейін постер авторларының үстінен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымы да сотқа шағымданды. 34 адам жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай