Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?

03 Шілде 2014, 13:46
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінгі күні біздің елде 13 экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығы жұмыс істейді. Оның үшеуі мемлекеттік, қалған оны жекеменшік. Қазақстанда экстрокорпоральды ұрықтандыру орталығы алғаш 1995 жылы ашылып, осы күнге дейін алты мыңнан артық «түтікшелік нәресте» өмірге келген. Қазір ЭКҰ орталықтары жұмыстарының тасы өрге домалап тұрған кезең. Әрине, олар «мазар үйді» «базар үйге» айналдырып жатса, оған қуанамыз. Алайда «донорлық көмекке жүгінетіндер үшін орталықтар қан тазалығына кепілдік беретін жеті атаны тексере ме екен?» деген сауал көтерген «Алаш айнасы» тың тақырыпты өзінше зерттеп шыққан еді, күтпеген жауап алып, шыны керек, іркіп қалдық.

Сөйтсек, жасанды ұрықтандыру орталықтары донор еркектердің жеті атасын тексермейтін болып шықты. Ол жөнінде «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова да айтып берді. Салтанат Байқошқаровамен арадағы әңгімемізге қайтып ораламыз, дәл қазір жеті ата мәселесі төңірегінде дабыл қағып жүрген ұлтына жанашыр азаматтарға кезек берсек...

Советхан Ғаббасов, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

- Жеті ата – жер әлемде теңдесі жоқ қазына. Мұны ұлттық бренд ретінде де ұсынуымызға әбден болады. Озық медицинаның дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным. Былайша айтқанда, бұл табиғи сұрыптау. Әлемді 2005 ұлт мекендесе, мұндай табиғи сұрыптау бізде, қазақта ғана бар. Жалпы түркі тілдес халықтардың ешбірінде жоқ. Жеті атаға дейін қыз алыспау салт-дәстүрі, біле білсек, ұрық тазалығы. Өкініштісі, жеті атаны ұстанғанымыз былай тұрсын, қазір оның қадір, қасиеті жоғалып барады.

Елімізде сирек кездесетін, медициналық тілмен айтқанда, орфандық аурулар саны жылдан-жылға артып келеді. Тіпті әлемдік деңгейде дабыл қағып отырған елдердікінен кем емес. Орфандық ауруларға қарсы шаралардың Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйек тегі 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінен ойып орын алуы бұл проблемаға бейжай қарауға болмайтындығын ескертсе керек. Еліміздегі орфандық дәрі-дәрмектердің тізбесі де әлдеқашан бекітіліп қойған-ды..

Сирек кездесетін аурулар жайында білетініміз бұрындары там-тұм ғана еді, бүгінгі күні мұндай ауруға шалдыққан балалар саны 20-дан астам деп жатыр. Мен мұны қазақ үшін көп дер едім. Егер жоғалып бара жатқан құндылықтарымызды қайта жаңғыртпасақ, сирек кездесетін аурулар жеті ата ұғымынан мақрұм елдердегідей кең тарап кетуі ғажап емес. Мутацияға ұшыраған ұрпақтарымыздың санын көбейтіп алмайық. Шынымен де, жетінші ұрпаққа дейін қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді тыйым салудың арқасында қазақ тұқымның бұзылуынан, тектік-генетикалық қасиеттердің жойылуынан, ұрпақтың азғындануынан сақтандырылған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай