Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жекешелендіру жалғасады: не ұтамыз, неден ұтыламыз?

02 Маусым 2014, 16:50
0
©forexaw.com иллюстрациясы
©forexaw.com иллюстрациясы

 Мамыражай мамыр айының соңғы күнінде еліміздің Экономика және бюджетті жоспарлау министрілігінің департамент директоры Қанат Ибраев алдағы екі жылда мемлекет қарамағындағы біраз мекемелердің жеке қолға өтетінін мәлім етті. Оның пайымдауынша, әлемдік тәжірибе бойынша жеке меншіктегі нысандар әлдеқайда жақсы дамиды. «Сондықтан еліміздегі маңызды орындарды басқаруда кәсіпкерлердің үлесін көбейту арқылы алға жылжуды көздеп отырмыз. Бұл жобаның барлық ережелері бекітілген, мемлекеттік мекемелерді сатып алуға ниет білдіргендерге қатаң талаптар қойылады. Жекешелендіру жұмысының екінші легіне ілінгендер қатарында министрліктерге қарасты ондаған кәсіпорын мен жергілікті билік қарамағындағы жүздеген нысандар бар» деді ол.


Сөйтіп, екі жылдың ішінде жекелеген қолға өтетін жүздеген нысанның ішінде Ішкі істер министрлігінің үш шипажайы, Денсаулық сақтау министрлігінің төрт институты және «Қаржы академиясы» бар. Одан өзге ұлттық киностудия да сатылымға шығарылмақ. «Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы жекенің қолына өтсе, «Қазақ энциклопедиясын» тұтастай сатып жіберу көзделіп отыр. Бұған қоса Республика сарайы, Цирк ғимараты, «Жас отау» неке сарайы мен «Қайрат» футбол клубының жаңа қожайындары да мемлекеттік сатып алулар арқылы анықталмақ. Бұлардың бәрі – Алматыдағы нысандар. Ал еліміздің өзге аймақтарындағы жекешелендіру жобасына спорт, білім беру және коммуналдық кәсіпорындар енген.

Мұндай жекешелендіруден не ұтамыз, неден ұтыламыз? Алаш айнасы мұны да сараптап көруді жөн көрді.

Ұтатын тұсымыз...

Негізінен, жоспарланып отырған меже бойынша елімізде екі жылдың ішінде ірілі-ұсақтысы бар біраз мекемелер жекенің қолына өтуі тиіс. «Мұндағы мақсат кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, іскерлік қабілетін шыңдау» деп отыр атқарушы биліктегілер.

Жалпы, экономика министрлігінің таратып отырған мәліметінше, тек рес-публикалық меншіктегі ұйымдардың тізімі бойынша бүгінде ірі 29 ұйым мен 3 нысанды жекешелендіру ұсынылып отыр. Тағы республикалық деңгейдегі 10-ға тарта ұйым кәсіпкерлердің сенімді басқаруына беріледі. 70-тен астам ұйым қайта құрылады (біріктіріледі) немесе толық жойылады. Нәтижесінде, республикалық меншіктегі ұйымдардың саны 28 пайызға қысқарады. Бұдан соң өңірлердегі 1 мың 84 ұйымның 416-сын жекешелендіру ұсынылып отыр. Әрине, мемлекеттік мектептер, емхана-ауруханалар, ауыл-аудан клубтары және басқалары әзірге жекешеленді-рілмейді. Ал аймақтардағы қалған ұйымдар толығымен жекенің қолына өтеді.

Жекешелендіру дегеннен жүрегі шайлығып қалған бұқараның бұл қадамға қазірде үрке қарап отырғаны рас. Бірақ қайсыбір мамандардың пайымдауынша, бұл бағыттан ұтатын тұсымыз да бар екен.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай