16 қыркүйек 2016 09:23

Жыныстық қатынасқа түскен сәті көрсетілген видеосы Желіде жарияланып кеткен қыз өз-өзіне қол жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RAI NEWS24 © RAI NEWS24

Неаполь қаласының тұрғыны Тициана Кантоне жыныстық қатынасқа түскені бейнеленген видеосы Желіде пайда болған соң, оған айтылған қорлық мәндегі және намысқа тиетін сөздерге шыдамай, өз-өзіне қол жұмсаған, - деп жазады BBC.


Неаполь қаласының тұрғыны Тициана Кантоне жыныстық қатынасқа түскені бейнеленген видеосы Желіде пайда болған соң, оған айтылған қорлық мәндегі және намысқа тиетін сөздерге шыдамай, өз-өзіне қол жұмсаған, - деп жазады BBC.

31 жастағы Кантоне осыдан бір жыл бұрын өзінің сүйіктісіне және тағы үш таныс жігітіне онымен түсірілген жыныстық қатынастың видеосын жіберген. Содан олар ол видеоны алып Интернетке жүктеген. Кейін ол видеожазба әлеуметтік желілерде таралып, миллионнан аса көрілім жинаған. Ал видеоның авторына түрлі балағат сөздер мен мазақ айтылған.

Айта кетейік, Тициана сот отырысына қатысқаннан кейін оның бұл видеосы сайттардан өшірілуі тиіс болатын. Алайда одан сот шығындарын өтеу үшін 22,5 мың доллар талап етілген. Соттың видеоны Интернеттен өшіріп тастау туралы шешім қабылдағанына қарамастан, Интернет қолданушылары видеоны бір-біріне таратуды тоқтатпаған. 

Содан Интернет қолданушыларының мұндай қысымына шыдамаған Тициана 14 қыркүйекте өз-өзіне қол жұмсады. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Ал полиция қызметкерлері бұл қылмыстың себебін анықтау үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети