Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Камбоджаның жеті тұрғыны ақша үшін құдыққа түсіп өлді

02 Маусым 2014, 09:52
0
Камбоджа риелиі. Сурет life-thai.com сайтынан алынған
Камбоджа риелиі. Сурет life-thai.com сайтынан алынған

"Камбоджада жеті адам құдық түбінде жатқан үш мың камбоджалық риели (шамамен 130 теңге) үшін өмірмен қош айтысты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mirror ақпарат құралына сілтеме жасап.

Оқиға Сиемреап провинциясының солтүстік-батысында орын алған. Камбоджа тұрғыны, байқаусызда, пайдаланылмай жатқан құдыққа ақшасын түсіріп алады. Ақшасын алмақ болып құдыққа түскенде ауа жетіспей есінен танып, сол жерде қайтыс болады. Туыстары мен көршілері ер адамға көмекке келеді. "Олар ер адамды алып шықпақ болып құдыққа түседі, алайда олар да сол жерде есінен танып, жан тәсілім еткен" дейді жергілікті полиция.

Полицияның дерегіне қарағанда, оқиға салдарынан жеті адам қайтыс болған, олардың екеуі әйел адамдар және үшеуі жасөспірімдер. Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне ауа жетіспеушілік себеп болған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай