08 желтоқсан 2014 18:08

Қарағанды облысында мамонттың азулары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамонт азуы. ©popgun.ru Мамонт азуы. ©popgun.ru

Қарағанды облысында мамонттың азулары табылды, - деп хабарлайды NV.kz. Мамонттың ірі азуларын облыстағы тау-кен кәсіпорындарының бірінің жұмысшылары тауып алды. Бұл өнеркәсіп Жаңаарқа ауданы Жеңіс ауылында марганец алатын карьер жасап жатыр. Ежелгі жануардың қалдықтары жер бетінен алты метр тереңдікте сақталған. Мамонт азулары аз-маз бүлінген. Комбайншы оны жер бетіне шығарып жатып, шөмішімен жанап өткен. Бірақ оған аса қатты зиян келмеді. 


Қарағанды облысында мамонттың азулары табылды, - деп хабарлайды NV.kz. Мамонттың ірі азуларын облыстағы тау-кен кәсіпорындарының бірінің жұмысшылары тауып алды. Бұл өнеркәсіп Жаңаарқа ауданы Жеңіс ауылында марганец алатын карьер жасап жатыр. Ежелгі жануардың қалдықтары жер бетінен алты метр тереңдікте сақталған. Мамонт азулары аз-маз бүлінген. Комбайншы оны жер бетіне шығарып жатып, шөмішімен жанап өткен. Бірақ оған аса қатты зиян келмеді. 

"Осыған ұқсас тауып алған жағдайлар болды - өткен ғасырдың қырқыншы, елуінші, сексенінші жылдары. Мен өзім Қушек көмір разрезін зерттеп шықтым. Ол жақта да мамонт азулары табылды. Бірақ кішкентай ғана бөліктері болды. Ал мұнда керемет экземплярлар бар. Меніңше, олар ежелде аса қуатты болған Сарысу өзенінің арқасында сақталды. Ерекше жағдайлар қажет қой. Судың ағысы күшті болуы керек, күшті ағыс балшық пен құмды тартып, лайды шайып, қаңқаларды, мамонттың бөлшектерін көміп тастайды. Ал жер бетінде қалса азу да, сүйек те сақталмайды. Органикаға температура, ылғал және жел әсер етіп, бұзылып кетеді", - деді археолог Виктор Ворфоломеев.

Оның айтуынша, мамонт азулары сақталған жердің маңында палеолит дәуірінде мамонттарға аңшылық жасаған адамдардың тоқтаған жері болуы мүмкін. "Бұл азуларды тауып алған қарапайым жұмысшылар тасқа айналған заттарға мән де бермейтін еді. Олар қазір мамонттың азуына ұқсамайды. Оларды мамандар ғана тани алады. Көктем келіп, қар ериді, экспедиция жиналып, осы жерді зерттейміз. Ол жерде аңшылардың тұрақтаған жері болуы мүмкін. Ал жануарлардың сүйектері бар тұрақты табу - сирек жағдай. Қазақстан аумағында палеолит тұрақтары көп, бірақ олардың барлығы ашылған. Ол жақтардан адамның пайдаланған заттары ғана табылды. Ал палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйегі табылмады. Қазақстан территориясында мамонттар мекендеген уақытта адамдардың түрі қандай болғанын білмейміз. Бірақ бәрі алда деп үміттенеміз", - деді Виктор Ворфоломеев.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі орталықтың директоры Түлкібай Төлеуов болса табылған сүйектер өздігінен өлген мамонттардың қалдығы екенін айтады, сондықтан археологтар оған қызығушылық танытпайды. "Бұл мамонт сол жерге кездейсоқ барып қалған болуы керек. Жер қазатын жергілікті тұрғындар топырақты өздері елеп шықты. Ол жерде басқа ештеңе жоқ. Мұнда ешқандай да тұрақ таппайсыздар", - деп мәлімдеді Төлеуов.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети