23 ақпан 2016 17:31

Қарағанды тұрғындары дүкеннен киімдерді рақметке "сатып алып" жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылықтар дүкенде киімдерді рақмет айтып, тегін алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Қалада алғаш рет бағасы көрсетілмеген тауарлар дүкені ашылды. Дүкен аз қамтылған отбасыларға арналған.
Жобаның жетекшілері - жергілікті Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерінің айтуларынша, олар дүкенді ашуды Семейдегі әріптестерінен үлгі еткен. Онда алғаш сатып алушы тауарды "рақмет" айтып алған.


Қарағандылықтар дүкенде киімдерді рақмет айтып, тегін алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Қалада алғаш рет бағасы көрсетілмеген тауарлар дүкені ашылды. Дүкен аз қамтылған отбасыларға арналған.
Жобаның жетекшілері - жергілікті Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерінің айтуларынша, олар дүкенді ашуды Семейдегі әріптестерінен үлгі еткен. Онда алғаш сатып алушы тауарды "рақмет" айтып алған.

"Семейде Іскер әйелдер кеңесінің бірі осындай дүкенді ашты дегенді естігенде, менің де осындай дүкен ашқым келді. База бар, дүкенде адамдардан тауарды қабылдап алып отыратын және оларды мұқтаж адамдарға беріп отыратын адамымыз бар. Біз бұл идеяны қолдадық. Алғашқыда біз, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, өзіміздің заттарымызды алып келдік. Қазірдің өзінде күнделікті түрде адамдар хабарласып, киімдерін әкеліп жатыр. Сонымен қатар, киім-кешекке мұқтаж адамдар да хабарласып, дүкенге келеді", - дейді Қарағанды облысындағы Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаева.

Дүкеннің жұмыс істеп тұрғанына бірнеше апта ғана болды. Өз заттарын мұқтаж адамдарға бергісі келетіндер саны күн сайын көбейіп жатыр. Дүкеннің менеджері келген заттардың бүтін әрі таза болуын қадағалайды. "Осы кеше ғана бізге дәрі-дәрмектер қабылдайсыздар ма деген сұрақпен бірнеше адам хабарласты. Жарамдылық мерзімі өтпеген. Немесе балалар тағамы. Себебі, бізде барлық нәрсеге мұқтаж бір ана бар. Ол өзі балалар үйінен. Оған барлық зат қажет, себебі жағдайы тым ауыр", - дейді Әлия Садырбаева.

Қажетті затты алып кетерде, адамдар "рақмет" деп, алғысын айтады. "Алғашқы күндері киімдерді өзім орны-орнына қойып жүрдім. Мұнда барлық қажетті заттар бар. Мұнда адамдарға қажетті емес немесе жыртылған дейтіндей киімдер болған емес. Әрине, мыжылған киімдер болды, бірақ барлығы да таза. Көптеген жаңа киім келіп түсіп жатыр. Бізге "Қайырымдылар тобының" мүшелері көмектесіп жатыр. Қазір "28 Петель" мекемесі де көмек беруге қосылып жатыр. Дүкен тек қажет емес заттарды әкеліп тастайтын жер емес", - деп атап өтті Әлия Садырбаева.

Дүкенге жиі келетіндер - көпбалалы аналар. Олар көбінесе киімдер үшін келеді. Зейнеткерлер де келеді. Таяуда бір апа дүкеннен микро толқын пешін алып кеткен болатын. 

"Бұл адамдардың жақсылық жасау қажеттілігінен болар. Біз басқа адамдарға, мысалы жақындарымызға, тіпті мүлде бөтен адамдарға жақсылық жасағанда біз қуанамыз. Басқаларға қуаныш сыйлай отырып, өзіміз де қуанамыз. Меніңше, осылай. Бұл сән емес. Дегенмен, өздерінің бастан асқан жұмыстары немесе проблемалары болса да, басқа адамдарға адамгершілік қасиеттерін көрсетіп, қол ұшын беруге дайын адамдар бар", - дейді Әлия Садырбаева.

"Біз мұқтаж адамдардың тізімін әкімшіліктегі қоғамдық бөлімдерден аламыз. Олардың телефон номерлерін алып, дүкенге шақырамыз. Сонда бір әйел былай деді: "Менде негізі бәрі бар. Бірақ сіз бұл заттарды менен де мұқтаж адамдарға беріңіз". Байқағаным, адамдарда қайта-қайта ала беру деген жоқ. Алғашқыда әлеуметтік желілерде адамдар осы дүкеннің арқасында алып-сатарлар көбейеді деп жазып жатты. Бірақ бүгінге дейін ондай жағдай болған емес", - деді Әлия Садырбаева.

Оның айтуынша, бұл жоба ұзақ уақытқа жоспарланған. Мұндай дүкендерді тағы Балқашта және Қарқаралыда ашу жоспарланып отыр. Қарағандыдағы дүкен Ермеков көшесі №3 үйде орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети