17 сәуір 2014 09:41

Қарағанды тұрғыны үйін көпбалалы бейтаныс әйелге сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Имран Газимиев (ортада). Сурет Газимиевтің "Сыныптастар" парақшасынан алынған Имран Газимиев (ортада). Сурет Газимиевтің "Сыныптастар" парақшасынан алынған

"Қарағанды тұрғыны Имран Газимиев Шешенстанда туған ауылындағы өз үйін көпбалалы бейтаныс әйелге сыйлады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Қарағанды тұрғыны Имран Газимиев Шешенстанда туған ауылындағы өз үйін көпбалалы бейтаныс әйелге сыйлады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Имран Газимиев Қазақстанға тоғыз жасында өзге жер аударылғандармен бірге көшіп келген. Оның анасы мен ағасы 1956 жылы Шешенстанға қайта көшеді. Араға екі-үш жыл салып әкесі де туған жеріне қайта оралады. Ал, Имран Қазақстанда қалып, Юлия атты жарын кездестіріп, үй тұрғызып, ұл-қыздырын өсіреді. Ол, Қарағандада құрметті бұрғылау шебері болды,оның жетістіктері туралы кеңестік газеттер жарыса жазды. Имран Газимиев Мемлекеттік сыйлықтармен және ордендермен марапатталған.

Таяуда Имранға Шешенстанның табиғаты көркем таулы аймғында орналасқан Ялхой-Мохк ауылындағы ағасының үйі мұраға қалған. Әрине, үйді жақсы бағада сатуға да болушы еді, алайда отбасылық кеңесте сыйға тарту жайлы шешім қабылдаған. "Бұл Наурыз мерекесі қарсаңында болды. Біз мұқтаж жандарға қалай көмектессек деген сауалды талқыладық. Өйткені Наурыз-қайырымдылық мерекесі. Бұған дейін туған ауылыма хабарласып, ауыл ақсақалынан қандай мұқтаж жандар барын сұрадым. Ол маған ауылда жеті баласы бар әйелдің баспанасы жоқ екенін айтты. Сосын ағамнан мұраға қалған үйді сол әйелге сыйға тартуды ұйғардым"-дейді 78 жастағы қария. Ялхой-Мохка ауылының ақсақалы Газимиевтің бұл әрекетіне таң қалып, мұның өз түсінігінен биік екенін айтыпты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети