10 наурыз 2014 15:30

Қарағандыда балықшы ару анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Коровикова. ©Новый Вестник Ольга Коровикова. ©Новый Вестник

Қарағандыда "Балықшы ару" анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасап. Өңірде дәстүрлі түрде өтетін балық аулау жарысына Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларынан отыз шақты адам қатысты. Олар балықты мұздан жылтыр қармақпен аулады. Олжаға бірінші болып қол жеткізген - Саран қаласының балықшысы Вячеслав Угнивенко. Ал ең ірі балықты теміртаулық Владимир Кузьмичев аулап алды, оның қармағына іліккен көксеркенің салмағы - 435 грамм. Сайыскерлер арасынан үздік балықшы ару да анықталды. Бұл атақ Ольга Коровиковаға бұйырды. Байқаудың нәтижесінде командалық есеп бойынша Қарағандыдан келген балықшылар жеңіске жетті. Олар олжалаған балықтың жалпы салмағы 1,5 келі тартады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети