Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақ интеллигенциясының беделі неге түсіп кетті?

13 Маусым 2014, 00:37
0
gq.ru
gq.ru

Қазақ бұрын ру-руға бөлінуші еді. Енді секта-мектаға бөлінетінді шығарды. Ол ол ма? Исламның, сол секілді христианның өз ішінде жеке-дара тармақтарда тағы да тарала түсуде. Бұдан тыс ғаламданумен елімізге сайқалдап енген өзге де жалған идеологиялар жетегінде жүргендер қаншама? Осылайша мылтықсыз майдан нысанына айналған оларды әй, деп тыйып жатқан бұл қоғамда ешкім жоқ. «Алаш айнасы» сұрау салған мамандар мұның барлығына ұлтқа бас бола алмаған қазақ интеллигенциясы кінәлі деп санайды.


Саясаттанушы Досым Сәтбаев бүгінгі таңда интеллигенция «өлген» деп есептейді.

Маманның пікірінше, кеңес заманы түсінігіндегі моральдық-этикалық билігі бар, сонымен қатар таңдаған жолында ел беделі үшін өзін тәрік етуге әзір, жапондарша айтқанда, «моральдық харакириге» дайын интеллигенттер бүгін жоқтың қасы.

– Жалпы, кеңестік жүйе құрығаннан кейін сол стильдегі интеллигенция да жоғалуы керек еді. Бірақ біздегілер оны жасанды жолмен сақтап қалды. Негізінен, ХХІ ғасырдың басты кейіпкері – «интеллигент» емес, «интеллектуалдар». Қазіргі ғаламдық деңгейдегі инноваторлар кімдер?.. Олар – марқұм Стив Джобс, Марк Цукерберг, Сергей Брин... «Time» журналы жариялайтын «Жыл адамдары» қатарында саясаткерлерді, бизнесмендерді, актерлерді, тарих мамандарын көреміз. Бірақ олар өздерін интеллигент санамайды. Осы жағынан алғанда, «интеллигенцияның» дәуірі өтіп кеткен секілді. Өйткені соңғы кездері адамды қоршаған әлеуметтік, саяси, психологиялық орта қатты өзгеріп кетті. Сондықтан өлгенді қолдан жасаймыз деп ұмтылудың қажеті жоқ, оның орнына «интеллектуалдарды» тудыратын адам сапасы капиталы үшін күресу қажет. Себебі бүгінгі таңда жер шарында «ақылдар» үшін талас қызып тұр, - дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол қазіргі қазақ қоғамында интеллигент деп жүргендер табиғи емес, жасанды топ екенін айтады.

– Антонио Грамш кез келген басқарушы элита «интеллигенция» деген жасанды мәртебеге лайық қоғамның бір табын құруға ұмтылады деген. Қазір біздегі шығармашылық интеллигенция деп жүргендеріміз қоғамнан гөрі билікке көбірек қызмет етеді. Әрине, олардың арасында шындық пен ар-ождан мәртебесін жаңғыртуға ат салысушылар ілуде бір кездеседі. Мәселен, Герольд Бельгер немесе Ермек Тұрсынов сияқты тұлғалар. Қалай дегенмен де нағыз интеллигенцияны қолдан жасау мүмкін емес, ол керек уақытында табиғи жолмен туындайды, – дейді Д.Сәтбаев

Қазір мәдениет орындарына, кітапханаға, ғылыми конференцияларға бас сұқсаңыз, бос орынды көп көресіз. Кезінде көзі қарақты деген қауымның барлығы мұндай орындарда болуды өзінің міндетінің бірі деп санаушы еді. Ал қазір осы міндет өзгерді ме, әлде зиялы қауымның өз арасында тоқырау бар ма?..

 

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай