07 қаңтар 2016 18:15

"Қазақстан аруы-2015" Назарбаевпен биі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанадағы жаңажылдық кеште билегені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Лада".


"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанадағы жаңажылдық кеште билегені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Лада".

Әлия Мергенбаеваның айтуынша, ол Мемлекет басшысымен билеймін деп ешқашан ойламапты. Қыз биге екі күн бойы дайындалғанын айтты. "Билеп жатқанымызда Нұрсұлтан Әбішұлы отбасым мен оқуым жайлы сұрастырды. Конкурста жеңіп шыққаныма құттықтап, сәттілік тіледі. Түс көріп жатқандай болдым. Бала кезімде дәл осылай болады деп ойламаған да едім", - дейді "Қазақстан аруы-2015".

Мергенбаева оқуын тастамайтынын, соңына дейін оқып бітіретінін айтты. Алайда оған Астана мен Алматыдан түрлі фотосессияларға, бағдарламаларға қатысуға шақыртулар келеді екен. "Оқу кезінде басқа қалаларға қажеттілігі туындап жатқанда баратын шығармын, бірақ мен оқуымды тастамаймын. Мен білім алып, дипломымды алғым келеді", - деді Мергенбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети