02 шілде 2014 19:26

Қазақстанда алдағы үш күн жаңбырлы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Қазақстанда алдағы үш күн жаңбырлы болады деп күтілуде" деп хабарлайды Tengrinews.kz  РМК "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


"Қазақстанда алдағы үш күн жаңбырлы болады деп күтілуде" деп хабарлайды Tengrinews.kz  РМК "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанға жауын-шашын әкелген циклон шығысқы бет алады. "Алдағы тәулікте кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауады. 4-5 шілде күндері солтүстік және шығыс облыстарда бұршақ аралас қысқа мерзімді жауын жауады деп күтілуде" дейді "Қазгидромет" орталығы.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы қалыптасады. Нақтырақ айтқанда, мұндай ауа-райы Республиканың орталық және оңтүстік шығысында үш күн бойы сақталады. Жауын жауып, күн күркірейді, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы қалыпты нормадан 2-5 градусқа төмен болады.

Алайда, "Қазгидромет" орталығының мәліметіне қарағанда, батыс және оңтүстік облыстарға Иран аумағынан ыстық ауа ағымы келеді. Соның салдарынан қысқа мерзімді күн салқындауынан кейін бұл аймақтарда ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Естеріңізге салсақ, бүкіл Қазақстан аумағында маусым айының соңында қатты ыстық болды. Десе де, шілде айының басы жауын-шашынды болады деп болжанған еді. Оған Ресейдің еуропалық бөлігінен Оралға жеткен циклонның Қазақстан аумағына қарай ығысуы себеп болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети