Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда жанкүйерлер санынан рекорд жаңартқан футбол матчтарының тізімі жасалды

19 Тамыз 2015, 13:16
1
© Massaget.kz
© Massaget.kz

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Астана" мен АПОЭЛ арасындағы ойында жанкүйерлер саны бойынша ел клубтарының еурокубоктағы рекорды тіркелді. "Астана Аренада" өткен ойынға 30 000 жанкүйер жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы.

Жанкүйерлер ең көп жиналған еурокубоктағы барлық ойындар "Астана Арена" стадионында өткен. Осыған дейінгі бұл рекорд қарағандылық "Шахтер" еншісіне тиесілі болатын. "Кеншілердің" "Селтикке" қарсы ойынына 29 950 жанкүйер жиналған еді. Үштікті де осы маусымдағы "Астана" мен "ХИК" ойыны түйіндеп отыр.

Еурокубоктағы ең көп жанкүйерлер жиналған кездесулер:

1.​ "Астана" (Астана) - АПОЭЛ (Кипр). "Астана Арена". 30 000 жанкүйер;

2.​ "Шахтёр" (Қарағанды) - "Селтик" (Шотландия). "Астана Арена" 29 950 жанкүйер;

3.​ "Астана" (Астана) - ХИК (Финляндия). "Астана Арена" 27 937 жанкүйер;

4.​ "Астана" (Астана) - "Вильярреал" (Испания). "Астана Арена" 27 500 жанкүйер;

5.​ "Астана" (Астана) - "Марибор" (Словения). "Астана Арена" 23 650 жанкүйер.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай