20 ақпан 2015 16:00

"Қазақстанда жасалған" ролигінің авторлары оның мағынасын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

"Қазақстанда жасалған" ролигінің авторлары өнімдерінің мағынасы мен идеясы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстанда жасалған" ролигінің авторлары өнімдерінің мағынасы мен идеясы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше апта бұрын Интернетте пайда болған роликтің авторлары - бірнеше режиссерден құралған шығармашылық топ. Ролик идеясы авторларының бірі Алина Хаматдинованың айтуынша, бұл вирустық Интернет-видео және ол телеарналардан көрсетуге арналмаған.

Роликтің сюжеті бойынша күйеуі үйіне келгенде әйелі көңілдесімен жатады. Бұл кезде ер адам пәтерден қашып шығып, балконның терезесінен секіреді және ол үшін Қазақстанда жасалған капрон шұлықты қолданады, сонымен қатар қазақстандық шоколад, костюм және ер адам асығып мінген автокөлік көрсетіледі. Сондай-ақ, ер адам Қазақстанда жасалған спорттық велосипедпен жүріп үлгереді.

"Ролик жазда түсірілген. "Қазақстанда жасалған" деген месседжге назар аударту үшін аздап жөн-жосыққа кереғар қылықпен жасалған, стандартқа келмейтін тапсырма берілді. Біздің қазақстандық өнімдерге қалай қарайтынымызды, бізде өзіміздің өндірісіміздің бар екенін, мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істейтінін бәріміз білеміз, бірақ біз бұған сенбей қараймыз. Біздің шығармашылық топ бізде өндірістің бар екеніне назар аудартқысы келді. Жарнама өнерінің тарапынан алып қарағанда, өнімдер неткен керемет дейтін болсақ, роликке ешкім назар аудармайтын еді. Сондықтан Интернет-аудиторияның назарын еріксіз аудару үшін аздап қызықты өнім шығаруға шешім қабылдадық", - деді автор.

Оның айтуынша, ролик 2014 жылдың қыркүйегінде шығуы керек болған, бірақ өндірістік процесстерге байланысты үлгермей қалыпты.

"Ол комикс форматында жасалған, сондықтан оның өндірісіне көп уақыт кетті. Сөйтіп, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент "Қазақстанда жасалған" өнімдерге акцент жасағаннан кейін роликті шығаруға шешім қабылдадық", - деді Алина Хаматдинова.

Оның айтуынша, жарнама үшін брендтерден ақша алынбаған, бұл бар болғаны қоғамдық вирустық нұсқа.

"Егер ол осынша қызығушылыққа ие болса, одан әрі жалғастыруымыз мүмкін. Мен БАҚ-тағы пікірлерді оқыдым. Бірақ түсіндіріп өткіміз келеді, бұл вирустық видео, ондағы эротика мен порнографиясыз төсек қойылымы бар болғаны 5 секунд көрсетіледі. Негізгі жолдау - қазақстандық тауарларды көрсету және роликтегі ұран "Қалаған кезде, жасай аламыз", - деді Алина Хаматдинова.

Кейбір БАҚ-та бұл роликке қатысты тек отандық тауарды жарнамалап қана қоймай, жұбайлық опасыздық көрсетілді деген сын айтылған материалдар пайда болды.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанда жасалған" акциясын бастауға кеңес берді. "Қазақстанда жасалған" деген акцияны бастайық. Барлық сауда орындарында қазақстандық тауарлардың секциясы болсын. Облыс әкімдері осы мәселені назарда ұстаңыздар. (...) Қазақстандықтарға қиын жағдайда патриот болып, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырайық. Баламалы түрде - бұл біздің азаматтарымыздың экономикамызға көрсеткен көмегі болады", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне.

Бірнеше күн өткенде Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал және өзге де қалалардағы ірі дүкендерде тек отандық өнімдердің стеллажы пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети