04 ақпан 2015 11:41

Қазақстанда жыл құсы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚБСҚ баспасөз қызметі ©ҚБСҚ баспасөз қызметі

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп, жыл құсын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сирек кездесетін орақтұмсық 2015 жылдың құсы атанды.


Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп, жыл құсын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сирек кездесетін орақтұмсық 2015 жылдың құсы атанды.

Орақтұмсық тек Орталық Азияда мекен етеді. Дене пішімі қарғаға келетін балықшы құс орақ тәрізді имек тұмсығымен және аяқтарының қызыл түсімен ерекше. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Біздің елде Солтүстік және Батыс Тянь-Шань тауының биік беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі.

"Бұл құс теңіз деңгейінен 2 мыңнан 3 мың метрге дейінгі биіктікте, тау өзендері аңғарында ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. Ел аумағында мұндай жерлер аз болғандықтан, Қазақстанда орақтұмсықтың ондаған түрі ғана ұя салады. Құс ұясының маңында қыстайды, ал аяз бен қар қалың жауған кездері өзен бойымен төменге қарай түседі, кейді таудың етегіндегі аймақтарға дейін жетеді", - дейді ҚБСҚ өкілдері.

Орақтұмсықтың суреті 2015 жылдың тамыз айында Алматы қаласында өтетін Солтүстік Еуразия XIV орнитологтердің халықаралық конференциясының эмблемасында бейнеленеді. Бұл шараны қазақстандық және ресейлік бірқатар ұйым ұйымдастырып отыр.

Жыл құсын ҚБСҚ мен Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп, 2006 жылдан бері таңдалып келеді. Бұл бастаманың мақсаты ұйымдастырушылар халыққа сирек кездесетін және құрып кету алдында тұрған құстар туралы мәлімет беру екенін айтады. Айта кетейік, 2014 жылдың құсы ақбас үйрек болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети