Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Қазақстанда тас жолға шығып көкпар тартқандардың видеосы жарияланды

11 Қараша 2015, 15:48
0
YouTube видеоролигінен алынған кадр
YouTube видеоролигінен алынған кадр

Желіде жігіттердің жол үстінде көкпар тартқаны түсірілген видео пайда болды. Роликтің атауында оқиғаның Алматы-Қапшағай тас жолында болғаны жазылған. Алматы облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет Tengrinews.kz тілшісіне видеоны құқық қорғау органдары мамандарының тексеріп жатқанын хабарлады.

"Бұл видео біздің назарымызға алынып, тексеріліп жатыр. Біз бұл оқиғаның расында да Алматы облысының аумағында болғанын не болмағанын және қай күні болғанын анықтап жатырмыз. Кейін тәртіп бұзушылардың кім екендері анықталады", - деді ол.

Видеодан алты жігіттің атқа мініп, жол үстінде шауып бара жатқандарын көруге болады, олар автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Роликтің авторы Самат Төлеуханұлы бұл жайтты бақылап отырғандардың бірі оны қазақтың ұлттық ойыны көкпармен салыстырғанын жазды. Жігіттердің ойынға берілгендері сонша, автокөліктердің дабылын елемей, жол апаты қаупін тудырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай