20 тамыз 2015 11:48

Қазақстандық 10 жастағы қызға үнді баланың жүрегі салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кrasnoyarsk.frant.me © Кrasnoyarsk.frant.me

Қазақстандық қызға үндістандық 12 жастағы баланың жүрегі салынды, - деп хабарлайды Thehindu.com.


Қазақстандық қызға үндістандық 12 жастағы баланың жүрегі салынды, - деп хабарлайды Thehindu.com.

10 жастағы Дильназ Исанға дәрігерлер кардиомиопатия диагнозын қойған. Оған жедел ота жасату керек болды. Қыз донорлық жүректі төрт ай бойы Ченнаи ауруханасында күтіп жатты. Осы уақытта басқа ауруханаға 12 жастағы Адиз Полсон түсті. Ол әкесімен бірге жол апатына ұшырап, қатты жарақат алған. Әкесі тірі қалғанымен, баланы дәрігерлер құтқарып қала алмады. Кейін Адиздің анасы ұлының сау мүшелерін алуға рұқсат берді.

Дәрігерлер үнді баласының жүрегін Дильназға салуға шешім қабылдайды. Медициналық көрсеткіштер жүректің қызға сәйкес келетінін анықтаған. "Мамандар басқа штаттарға хабар берді. Ағзаны қажет еткен үндістандық болмаған соң оны шетел азаматына беруге рұқсат етті", - деді дәрігер Сатхиш. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өтті. Қазақстандық қыздың жағдайы жақсы.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети