09 қаңтар 2015 19:11

Қазақстандық әскери парашютпен 1000 рет секірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Басалов. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Сергей Басалов. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы күштеріне 22 жыл қызмет еткен прапорщик парашютпен мыңнан астам рет секірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда Қазақстанның әскери қызметшілері арасындағы рекорд болып тұр.

Прапорщик Сергей Басалов әскери бөлімде 15 жыл бойы аспаптар зертханасының бастығы болып қызмет еткен және сол уақыттың ішінде парашют жүйелерінің 12, параплан мен дельтапланның төрт үлгісін меңгеріп, 200-ден астам адамға үйреткен.

"Қанша рет секірсең де, жаңа секірудің алдында қорқыныш туады, бұл - қалыпты жағдай. Сондықтан да барлық кезде парашютшілердің эмоция жағдайы тексеріліп отырады. Әскери қызметшілер арнайы психологиялық тестілеуден өтеді.
Сонымен қатар, секіруді орындау ережесінен емтихан мен сынақ тапсырады", - дейді Сергей Басалов.

Айта кетейік, парашюттік команданың әскери қызметшілері шеберлік санаттары бойынша былай бөлінеді: 10 ретке дейін секірген - парашютші, 20 реттен көп секірген - үздік парашютші, парашютші-нұсқаушы, ал десантшы жылына 3500 метрге дейінгі түрлі биіктіктерден 4-5 рет секіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети