Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстандық азамат Ай мен Марста жер телімдерін сатпақ

09 Сәуір 2014, 20:16
0
Иллюстрация lunnoe-posolstvo.kz сайтынан алынды
Иллюстрация lunnoe-posolstvo.kz сайтынан алынды

Қазақстандық азамат, Бурабайдың тұрғыны Ай мен Марста жер телімдерін сатпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өзінің есімін жариялағысы келмеген жас жігіт Қазақстан Республикасында Ай елшілігінің сайтын ашып, онда Ай мен Марста  жер телімдерін сататыны туралы ақпарат жариялаған. 

Мысалы, Ай бетіндегі 30 сотық жер телімі 4 000 теңге, Марс бетіндегісі 3 500 теңге. Сатып алушыға жер телімінің түпнұсқа құжаттары, Ай Конституциясы, Марс планетасының Конституциясы, сатып алынған жер телімінің суреті бірге беріледі екен. 

Қазақстандағы Ай елшілігінің өкілі былтырғы жылдың наурыз айынан бері жұмыс жасап,  60 адамға Ай мен Марстан жер телімін сатқан. Оның айтуынша, Ай мен Марстағы жер телімдерінің бағасы әр елде әртүрлі. Мысалы, Ресейде мұндай жер телімдері 15 мың теңге. 

"Өздеріңіз түсініп отырғандай, бұл кәдесыйлық өнім. Алғаш рет мен жер телімін Ресей сайтынан сатып алдым, кейін қызығушылығым артып, олармен серіктес болғым келді. Маған мұнымен көп ақша табу мүмкін еместігін бірден айтқан болатын, негізінен бұл мен үшін хобби" - деді жігіт. 

Оның айтуынша, жер телімдеріне сұраныс көп емес. Көп адамдар бұл кәдесыйды шын екен деп сеніп қалады. Негізінен Ай мен Марстағы жер телімдерін көп адамдар сыйлық ретінде алатын көрінеді.  

Жас жігітке Қазақстанда Ай елшілігін ашу аса қиынға түспеген сияқты. Ол ең алдымен америкалықтармен серіктес болып жұмыс жасап, оларға белгілі бір пайыз ақша аударып отырған.  Ал жер телімінің құжаттарын өзі жасайды. Қазіргі таңда 28 жастағы жас жігіт уақытша жұмыссыз. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, қысқартуға ілінген екен.

Ай елшілігі – басқа ғаламшарлардағы жер телімін сатумен айналысатын ұйым. Белгілі бір сомаға сатып алушы Айдан немесе басқа ғаламшардан жер телімін алады. Алайда оларға берілген сертификаттың ешқандай заңдық күші жоқ.  Өйткені UNOOSA Бас Ассамблеясының 2222 қарарына сәйкес  Ай мен ғарыш кеңістігіндегі кез келген аспан денесін ұлттардың меншіктеуіне тыйым салынған. 

2011 жылы Tengrinews.kz бүкіл жер шарын, Галлактиканы, Күнді, Жерді, айды меншіктегісі келген қазақстандық Олег Знамов туралы жазған еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай