23 желтоқсан 2015 12:36

Қазақстандық биші қыздар Рим Папасын сүйіп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2001 жылы елімізге Рим Папасы Екінші Иоанн Павл келгенде болған келеңсіз оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2001 жылы елімізге Рим Папасы Екінші Иоанн Павл келгенде болған келеңсіз оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дипломатияда өзге саладағыдай түрлі келеңсіздіктер болады. Менің ойыма мына бір оқиға жақсы сақталыпты, ол негізінен келеңсіздік, 2001 жылы Қазақстанға Рим Папасы келгенде, ол біз үшін зор абырой болды. Ол елімізде 5 күн болған еді және оның өте маңызды бағдарламасы болды. Рим Папасы жастармен әңгімелескенді жақсы көретін, сондықтан оның бағдарламасына Еуразия университетінде сөз сөйлеу енгізілді. Біздің қазақтың дәстүрі бойынша, оны әрине жылы қарсы алды, музыкалық және би номерлері болды, біздің жас қыздарымыз би билеп болғаннан кейін Рим Папасына жүгіріп барып, бетінен сүйіп алды. Рим Папасы - діни көшбасшы, оның қолына барып жығылу керек. Ол сәт әрине күлкі болды. Рим Папасы абыржыған жоқ, қазақтың қыздары оған осылайша ілтипат танытқандары оған ұнады", - деді СІМ басшысы ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Айта кетейік, Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға 2001 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келген болатын. Ол сапар тарихи сәт болып есептеледі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети