Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық курсант Ресейдің үздік садақшылары қатарына енді

30 Сәуір 2015, 09:27
0
Алмас Ұлдарбеков. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алмас Ұлдарбеков. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық курсант Ресейдің үздік садақшылары қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмас Ұлдарбеков "классикалық садақ ату-жастар" санатындағы садақ ату бойынша Ресей Федерациясындағы біріншіліктен сәтті шығып Ресейлік үздік садақшылар қатарынан табылды. Жарыс барысында Алмас Ресейдің барлық өңірлерінен келген мықты қарсыластарынан басып озып өз санаты бойынша айтарлықтай жоғарғы нәтижелер көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша барлығы 464 балл жинап нәтижесінде Ресейдің ТОП-40 үздік садақшылары тізіміне енді.

"Қазіргі кезде Алмас армия генералы Маргелов атындағы Рязанск жоғарғы әуе-десанты училищесінің "әуе-десанты әскерлерінде бөлімше байланысын қолдану" мамандығында екінші курста оқиды. Ол садақ ату бойынша сайысқа оқу орнының атынан ұдайы қатысады. Осы орайда спорттағы шеберлігін жетілдіруге оған үздіксіз жаттығулар көмектеседі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алмас оқыту аяқталған соң Қазақстанға келіп садақтан ату бойынша еліміздің атынан халықаралық деңгейдегі жарыстарда қатысып Қазақстанның Қарулы Күштерінің абыройын қорғайды деп жоспарланып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай