11 маусым 2017 14:02

Қазақстандық пранкерлер Instagram-жұлдызды оңдырмай алдап, жыларман күйге түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "Алма-Ата, штат Небраска" командасының видеоблогерлері Қырғызстанның ең танымал Instagram-жұлдызы Айжан Асемованы оңдырмай алдады. Пранк олардың YouTube-арнасында жарияланды.


Қазақстандық "Алма-Ата, штат Небраска" командасының видеоблогерлері Қырғызстанның ең танымал Instagram-жұлдызы Айжан Асемованы оңдырмай алдады. Пранк олардың YouTube-арнасында жарияланды.

Блогерлер ойлағанын жүзеге асыру үшін көрші елге барған. "Пранк идеясы ойда жоқта келді", - дейді пранкерлер.

Олар қыздың құрбылары арқылы оны үйіне шақырып, онда балгер мен көріпкел жоралғылар жасайды. Бастапқыда блогерлер Айжанның көзін байлап, виртуал дұшпанына таяқпен соққы жасатады, соңында балгер интернет-жұлдызды айғайлатып, жыларман күйге түсіреді. 

Кейін танымал блогер қыз Instagram желісінде үш күн бойы есін жинай алмай жүргенін мойындапты. "Сөзім жоқ. Жігіттер, жарайсыңдар, бірақ жүйкем сыр берді. Тамақтандырғаны үшін ғана оларға кешірім бердім. Шынымен жылап, шынымен сендім. Мұндай экшнді ешкімнің басына тілемеймін. @nebrasquad оңбағандар", - деп жазды Айжан аккаунтында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети