Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандық шенеуніктерден түсінікті тілде сөйлеу сұралды

18 Маусым 2015, 18:42
0
Юлия Кучинская. © ortcom.kz
Юлия Кучинская. © ortcom.kz

Қазақстандық шенеуніктерден халықпен түсінікті тілде сөйлесу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін "Демократия институтының" жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская ұлт жоспары - "100 қадам" талқыланған Қазақстанның Жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының мәжілісі барасында мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда мемлекет қызметі туралы кеңінен әрі тиімді түрде ақпараттандыру қажет. Сонымен қатар, ол ақпараттандыру халыққа түсінікті тілде жүруі тиіс. Назар аударыңыздаршы, халық арасында солардың тілінде сөйлейтін сарапшылар сұранысқа ие әрі танымал. Себебі біз ғылыми терминдермен сөйлей бастағанда, орта-санатты адам не туралы айтылғанын түсінбейді. Ол сонда қалай жұмыс істейді, қайда барады, не істейді", - деді Юлия Кучинская, сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жергілікті халықтың өз депутаттарын білмейтіндерін және оларға қалай барып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қалай қоюды білмейтіндерін айтты.

"Халықтың сауалына берілген мемлекеттік органдардың жауаптарына қарасаң - онда да немқұрайлы тұжырым: андай заңның мынадай бабын қараңыз. Айып етпеңіздер, бірақ азаматтар заңды оқи алмайды. Я біз оларды қазір заңға үйретеміз немесе өз жауаптарымызда мына заң мынаған жауап береді, адамның құқығы мына жерден басталып, мына жерден аяқталады деп түсіндіріп береміз", - деді Юлия Кучинская.

"Расында да, мемлекеттік органдар нормаларға сілтеп, түсініксіз жауаптар беріп күнә жасап отыр. Шын мәнінде бұл көмектеспейді", - деп келісті баяндама жасаушымен "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек.

Қазақстан Президенті жариялаған "100 қадам" бағдарламасы туралы айта келе, Юлия Кучинская сарапшылардың пікірімен келісіп, бұл жоспар қазақстандықтардың менталитеті мен дүние танымын өзгертуі тиіс деді. "Сондықтан, бұл жерде жаңа құндылық жүйесін жетілдіру бойынша көп жұмыс жүргізу керек деп ойлаймын. Бұл жұмыс мектептен бастап жүргізілуі тиіс. Яғни "100 қадамды" бүгіннен бастап жүзеге асыру - ол, негізінен бүгінгі оқушылар, оларға да бұл жүктеме артылады. Біз бүгін жұмысты солардан бастауымыз керек. Бұл дүние танымның жаңа форматын, жаңа менталитетті, мемлекеттің жаңа қарым-қатынасын және өзіңе деген қатынасты біз бүгін мектептерде қалыптастыруымыз керек", - деді Юлия Кучинская.

Еске сала кетейік, "100 қадам" бағдарламасы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған 5 ірі реформаны жүзеге асырудың жоспары.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай