Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандықтардың жаңажылдық сыйлыққа қанша ақша жұмсайтыны анықталды

23 Желтоқсан 2014, 15:04
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне қазақстандықтардың қандай сыйлықтарды көп алатынын және қандай көлемдегі соманы жұмсауға дайын екенін анықтау үшін Kompetenz сақтандыру компаниясының ақпараттық-талдау орталығы сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнама нәтижесінде оңтүстік пен солтүстік астана тұрғындарының мерекеге қандай сыйлықтар дайындап қойғаны анықталды.

Сауалнамаға Алматы мен Астана қаласының 18-65 жас аралығындағы тұрғындары қатысты. Қатысушылар Жаңа жылда ең жақын туыстарына қандай және қаншалықты қымбат сомадағы сыйлық сыйлауға дайын екенін айтты. 

Сауалнама нәтижесіне қарағанда, адамдардың Жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлықтарға орташа есеппен 17 450 теңге жұмсайтыны анықталды. 

Респонденттердің 24 пайызы тұрмыстық техника мен заманауи гаджет сыйлаймыз десе, 14 пайызы - ойыншықтар, 12 пайызы - тәттілер, 10 пайызы - иіссулар мен косметика, 7 пайызы - сыйға берілетін сертификаттар, 3 пайызы - әшекей және бағалы бұйымдар мен 1 пайызы туристік жолдама сыйлайтынын айтқан. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың әрбір төртіншісінің (24 пайыз) ешкімге ешқандай сыйлық сыйламайтыны белгілі болды, ал қатысушылардың 6 пайызы туыстарына сыйлықты өз қолдарымен жасап беретінін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың осы жылы миллиондаған долларға шампан мен мандарин сатып алғанын хабарлаған болатынбыз. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай