Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстанның аялдамалары канадалық фотографтың жинағына енді

02 Қыркүйек 2015, 18:12
0
© Кристофер Хервиг
© Кристофер Хервиг

Қазақстанның аялдамалары канадалық суретшінің фотожинағына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің басылымы Lenta.ru канадалық фотограф Кристофер Хервиг туралы материал жариялады, ол кеңес кезіндегі аялдамалардың суреттерінен тұратын жинақты шығарғалы жатыр. 

Жинақта 159 сурет бар, оларды Хервиг 30 мың шақырым жол жүріп, 14 елде болып түсірген, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия, Беларусь, Литва, Латвия және Эстония елдері бар.

"Бұл тастанды аялдамалар кеңес дәуіріндегі жалпы өнердің түрлілігін көрсетеді және сол уақыттардағы шығармашылық идеялар жайында түсінік қалыптастырады. Бұл ең толық әрі алуан-түрлі жинақ", - делінген кітаптың алғысөзінде. Айта кетейік, кітап ағылшын тілінде осы жылдың қыркүйегінде шығарылады.

"Әр аялдаманың өзіндік мінезі бардай көрінді. Солар арқылы мен Кеңес Одағы туралы стереотиптерімнен бас тарттым, темір шымылдықтың арғы жағында миллиондаған адамның өмір сүретінін, өнердің шекарасын кеңейтіп жатқанын түсіндім", - деп келтіреді Lenta.ru басылымы канадалық фотографтың сөзін.

Кристофер Хервиг қазіргі уақытта Нью-Йоркте тұрады. Ол фотографиямен 15 жылдан бері айналысып келеді. Әр жылдары ол Лондон, Стокгольм, Ванкувер және Нью-Йорктің газеттерімен, журналдарымен және ақпарат агенттіктерімен қызметтес болған. Олардың ішінде Reuters, Washington Post, National Geographic және BBC Online ақпарат құралдары бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай