Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазнетті жаулап алған жас кикбоксерлер Қырғызстан мен Өзбекстан чемпиондары болып шықты

26 Қаңтар 2016, 16:42
1

Кішкентай кикбоксерлердің жасаған жаттығуы көрсетілген видео Қырғызстанда түсірілген. Бұл туралы бейнежазба авторы Бақытбек Атақанов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, бейнежазбаны түсіруге қатысқан оның ұлдары Арлет, Эльбрус және Әзірет.

Бейнежазбада 2 ұл баланың өте ширақ қимылмен бір-біріне аяқ-қолымен соққы жасағаны көрсетілген. Атақанов дауыстап, қолдау білдіріп, ұлдарының жаттығуын бақылап отыр. Осыдан кейін бұл бейнежазбаны ол өз парақшасына салып, кейін ролик әлеуметтік желіде таралыпты.

Қолданушылар балалардың дайындығының жақсы екендігін айтып, таңданыстарын жасыра алмады. Атақановтың айтуынша, ол 3 ұлын кикбоксингке жастайынан берген. Үлкені Арлет, оның жасы 15-те. Ол 10 жасынан бастап жаттығып жүр екен. Ортаншысы - Эльбрус, 8 жасынан бастап жаттыққан, ал кенжесі - Әзірет 6 жасынан бастап кикбоксингпен айналысыпты. Жаттығулар Атақановтың өзінің жеке спорт залында өткен. "Арлет Қырғызстанның төрт дүркін чемпионы және Азияның чемпионы. Ол Қырғызстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған чемпионаттардың өткізілмейтіндігі себепті, Өзбекстанға барыпты. Әзірет те аудандық және қалалық чемпионаттарда жеңіске жетіп жүр",- деді ол.


Суреттер Атақановтың ok.ru желісіндегі парақшасынан алынған

Атақановтың өзі болса - кәсіпкер, оның дәмханасы мен спорт залы бар. Ол өзі де спортпен шұғылданады және де ұлдарының үлкен жеңістерге жететіне сенеді. Айта кетейік, кәсіпкердің бос уақытында аккардеонда ойнай өнері де бар. Ол өзінің өнер көрсеткен сәті түсірілген бейнежазбаларды да Интернетке салып тұрады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай