Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Келінімді қызымнан артық көремін

25 Маусым 2014, 11:48
0
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Таяуда «Алаш айнасы» интернет-сайтынан «Келінім қызымдай бола алмайды» деген оқырман хатын оқып мен де қолыма қалам алуды жөн көрдім. Келінін қызындай қабылдай алмайтын хаттың авторы Гүлжанға айтар уәжім бар. Егер мүмкін болса, менің де хатымды "Алаш айнасы" интернет-газетіндегі «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жариялауларыңызды өтінемін, депті Бәтима Ыбыраева.

Гүлжанға келіндері қызындай бола алмаса, ол ененің кінәсі. Кез келген ана өз баласын жақсы көрсе, оның бақытын тілесе келінін де қызындай қабылдап, оның білмегенін үйретіп, ақыл-кеңесін беріп отыруы керек. Гүлжан өзінің хатында ешқашан келін енеге өз қызындай, енесі келініне өз анасындай бола алмайды деп жазыпты. Бұлай көпке топырақ шашуға болмайды. Мысалы, мен өз келіндерімді қыздарымдай көремін. Менің 5 ұл, төрт қызым бар. Бес келініммен де бірге тұрып көрдім. Аллаға шүкір, қазір әрқайсысын бір-бір отау етіп бөлек шығардық. Қолымда кенже балам мен келінім тұрады. Келіндерімнің бәрі шалым екеумізді аталап-апалап сыйлайды. Анда-санда қыздарым да төркіндеп келеді ғой. Бірақ мен бір қызымды келіндеріме қарсы сөйлетіп көрген емеспін. Өйткені менің қыздарым да – бір-бір үйдің келіндері. Қыз – жат жұрттық. Ата-ананың тәрбиесін көрген қыз өзге босағаны аттағанда тек өзінің қара басының бақытын ғана ойламай, сол шаңырақтың берекесін кіргіземін, ерімді бақытты етемін деп баруы керек. Мен қыздарыма ылғи да «өздерің таңдаған жігіттің етегінен ұстап, рұқсатымызды алып кеттіңдер ме қайтып келуші болмаңдар. Отбасылық өмірдің қиындығына төзе біліңдер» деп үнемі айтып отырамын. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, келіндерім де кейде күйеулерімен ренжісіп қалғанда да осылай ақыл беремін. Пенде болған соң бәрімізде де кемшілік бар, отбасы болған соң ыдыс-аяқ та сылдырламай тұрамайды. Бірақ егер балаларым мен келіндерім ұрсысып, ренжісіп қалса, мен әрдайым келіндерімді жақтаймын. Жеке жерде келіндеріме кеңесімді айтамын. Біз қыздарымызды өзге шаңырақтың ибалы келіні болсын деп тәрбиелейміз. Егер менің қызымдарымды құдағиларым өз балаларынан бөліп, түртпектеп отырса, маған қалай тиер еді? Сондықтан мен келіндерімді «бұлар да біреудің әлпештеген қыздары ғой» деп кейбір кемшіліктеріне көз жұмып қарауға тырысамын. Келін – менің немерелімнің анасы, біздің отбасымыздың ұрпақтарын өрбітуші. Сондықтан маған келіндерім қыздарымнан да артық.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай