Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Көкшетауда бір отбасы жетімдер үйінен 10 баланы асырап алды

07 Қазан 2015, 10:50
1
© "31 арна" кадры
© "31 арна" кадры

Көкшетауда бір отбасы 10 баланы жетімдер үйінен асырап алды, - деп хабарлайды "31 арна". Балалар үйінің тәрбиеленушілерін бауырына басқан еліміздегі үлкен отбасылардың бірі Көкшетау қаласына жақын жердегі Кенесары ауылында тұрады. Ерлі-зайыпты Қабылбаевтар отасқаннан кейін тоғыз жыл өткенде ғана балалы болыпты.

Одан кейін жұбайы екеуі Ақкөл қаласынан жеті жетімді бауырларына басады. Мұншама көп баланы бірден асырап алуға маңдайында жеті саны бар бұзаудың туылуы себеп болыпты. Ал, биыл олар тағы үш баланы шаңырақтарына әкелген. Балаларды тәрбиелеуден өзіне айрықша ләззат ала білген Мұрат Қабылбаев имамдықтан қызметін басқа арнаға ауыстырды.

Оның айтуынша, ол балалармен өткізген қызықты сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. "Күн сайын оқырмандар көбейді.  Мұның қоғамға маңызын түсініп, он шақты адамнан құралған кеңес құрдық. Бұл кеңес бала асырап алу жөніндегі кез келген сұраққа жауап бере алады. Бұл тек интернетпен ғана емес, сондай-ақ, іс жүзінде де қолға алынатын  болады. Қазір осымен айналысып жатырмын", - деді ол.

11 баланың жетеуі оқушы. Кілең үздіктер. Әрқайсының ұлты өзге болғанмен тәлім-тәрбиесі қазақша дейді Балуан Шолақтың немересі, балалардың әжесі Айбат Құдайбергенқызы. "Бұлардың бәрі өздерін қазақпыз деп сезінеді. Әкелерінің тегін алғысы келеді. Қашан 16-ға толғанын күтіп жүр асығып", - дейді әжесі.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай