Қолданушылар "Есьже, я приезжий" аккаунтының жарияланымдарына шағымданды

01 Қыркүйек 2015, 11:18
0
Іnstagram желісінен алынған скриншот
Іnstagram желісінен алынған скриншот

Instagram әлеуметтік желі қолданушылары "Есьже, я приезжий" деген атаумен қазақстандық аккаунтта шығып жүрген жарияланымдарға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, жарияланымдар "ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты қоздыруды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, сословиелік және рулық үстемдікті насихаттайды, сонымен қатар, онда балағат сөздер бар".

Комитеттегілер өз кезегінде қолданушылардың өтінішін қарап, аккаунт ашқандар құқыққа қайшы келетін контент пен дөрекі пікірлерді өшірмесе, оларды жабуға мәжбүр болатындарын айтты.

"Комитет https://instagram.com интернет-ресурсының меншік иесіне Қазақстан заңнамасының бұзылғаны туралы және олқылықты жойып, сотқа дейінгі реттеу тәртібі бойынша құқыққа қарсы келетін материалдарды интернет-ресурсынан өшіріп тастау жөнінде хат жолдады. Бас тартылған жағдайда комитет ҚР аумағында құқыққа қайшы келетін материалдарды таратуды доғару туралы процессуалдық шара қолданады", - делінген ресми жауапта.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай