13 қыркүйек 2016 14:05

Көпқабатты үйдің шатырына қонған бүркіт алматылықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан үзінді Кадрдан үзінді

Көпқабатты үйдің шатырына қонған бүркіт алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көпқабатты үйдің шатырына қонған бүркіт алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осындай қызықты жәйтпен қала тұрғыны Мақсат есімді жігіт бөлісті. Ол осы кезде қарама-қарсы ғимаратта отырған. "Мен "Ақсай" ықшамауданындағы бизнес орталықта жұмыс істеймін. Мен кеңседе отырған едім, қарсы үйдің шатырына бүркіттің қонғанын байқадым. Содан оны өзімнің смартфоныма түсіре бастадым", - деді куәгер.

Оның айтуынша, құс қалалықтардың біразын таңғалдырған. Бірнеше жігіт үйдің шатырына көтеріліп, бүркітті ұстап алмақ болған, алайда бұл әрекеттерінен ештеңе шыға қоймапты. "Бұл құс біраз шу шығарды. жігіттер ұстап алмақ болды, алайда ұстай алмады. Барлығы бүркіттің қайдан ұшып келгені жөнінде болжамдар жасады", - деді сұхбаттасушы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети