Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Корей әншісінің биін қайталаған әскери киімдегі оқушылар Қазнетте сынның астында қалды

11 Мамыр 2016, 08:22
0
instagram.com
instagram.com

Hong Jin-Young есімді корей әншісінің Желіде хитке айналған биін қайталаған әскери киімдегі оқушылар Қазнетте сынның астында қалды. Ролик Instagram желісіне салынғаннан кейін оған мыңдаған пікір жазылған. 

Видеоның "Жеңіс күніне арналған флешмоб" деген атаумен 9 мамырда қазақстандық танымал парақшалардың біріне салынғаны отқа май құя түсті. Осыдан кейін қолданушылар бұл биді қорлаушылық деп атады, ал билеп жатқандарды әскери адамдар екен деп ойлап қалды. 

"Сарбаздар билеп жатқан бөлімшенің командирін әскери сотқа беру керек. Мұндайлар ертең өз Отанын сатады! Бұл не деген цирк? Намыс қайда? Масқара", - деп жазды қолданушылардың бірі. 

"Біз үшін қаншама жан құрбан болды, ал сендер қайдағы жоқты билеп жүрсіңдер", - дейді екіншісі.

Алайда Tengrinews.kz флешмобқа қатысушылардың бірін тауып, шын мәнінде роликтің 4 мамырда түсірілгенін және бишілердің әскери адамдар емес, мектеп оқушылары екенін анықтады. 

"Біздің мектепте әскери-спорттық байқау өткен, аяқталғанда біз қорытындыны күтіп тұрдық. Көп күткеннен кейін сәл тынығып, бәрі білетін билерді билей бастадық. "Қара жорғаны" да биледік, қазір әлеуметтік желілерде танымал корей қызының биін де биледік. Біз мұны камера алдында құттықтайық деген ниетпен жасамадық. Өзіміз үшін түсірдік. Бізді бәрі видеоға түсіріп тұрған, кейін біреу оны Instagram желісіне салыпты", - деп түсіндірді аты-жөнін атағысы келмеген қыз. Бірақ ол бидің қайда болғанын нақтылағысы келмеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай