26 мамыр 2014 14:22

Қорқынышты қоғамнан қорықпайсыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ұйқым қашып жүр. Қорқыныштан. Жұмысбастылық қой, теледидардан жаңалықтан өзге дүниелерді көруге қол тие бермейтін. Қатты шаршағандықтан да болар, ұйқым келмей түнгі сағат бірде көк сандыққа телміргем. Нендей дүниелер бар екен деп. Қызықтың көкесі осында екен. Дұрысы түйе сойғанда болатын қуырдақтың көкесі. Атағы дырдай телеарнадан ұяттан жұрдай кино көрсетіп жатыр. Тамашалауға ұят. Келесісіне ауыстырдым. Мұнда да сол. Төсек төңірегіндегі мәселелер талқыланып жатыр. Ендігі бір арнада вампирлер мен маньяктар «жарысқа» түсіпті.


 Ұйқым қашып жүр. Қорқыныштан. Жұмысбастылық қой, теледидардан жаңалықтан өзге дүниелерді көруге қол тие бермейтін. Қатты шаршағандықтан да болар, ұйқым келмей түнгі сағат бірде көк сандыққа телміргем. Нендей дүниелер бар екен деп. Қызықтың көкесі осында екен. Дұрысы түйе сойғанда болатын қуырдақтың көкесі. Атағы дырдай телеарнадан ұяттан жұрдай кино көрсетіп жатыр. Тамашалауға ұят. Келесісіне ауыстырдым. Мұнда да сол. Төсек төңірегіндегі мәселелер талқыланып жатыр. Ендігі бір арнада вампирлер мен маньяктар «жарысқа» түсіпті.

Қорыққанымнан келесісіне ауыстыра қойдым. Мұнда атамзаманғы «Тамашаны» тамашалатып жатыр. Көре-көре көзге сүйел шыққан дүние. Өзіміздікі алқам шүкір болар деп жергілікті арнаға бет бұрдым. Үмітім ақталмады. Мұнда да сол сорақы дүниелер. Келесісінде мелодрама ма, әжептеуір сияқты көрінген киноға қойғам. Бір бастап көрген соң қызығына түсіп кеттім білем, тәп- тәуір кино тең жарымына бармай ақ бездіре бастады. Мезі қылған атыс шабыс сол. Одан бөлек, аянышты қыз тағдыры. Гүлдей құлпырып өсіп келе жатқан қыз әлдебір тасжүрек жауыздардың кесірінен тағдыры талқан болып сорлап қалғаны баяндалады. Ұятты қоғам орната білген кеңес кезіндегі-ақ кино. Сол кездің өзінде-ақ әбден іріп-шіріген, шегіне жетіп тұрған қоғамның арсыздығы арқау болыпты. Ар намыстан жұрдай болған адамдардың оспадарсыздығы жүрегімді ауыртты. Қыздың тағдыры қор болып өксігені көз алдымнан кетпей, бір аптаға дейін ұмыта алмай азаптанғаным-ай. Алайда бүгінде айналаңыздағы адамдарға қараңызшы. Аяу, мүсіркеу, қол ұшын беру сияқты қасиеттерден ада. Тіпті, кіп- кішкене баланың өзі қорқыныш дегеннің не екендігін ұмыта бастаған сықылды. Оларға жезтырнақ пен жалмауыз кемпірді айтып қорқыта алмайсың. Бедірейіп бетіңе қарап тұра береді. «Қазір сенің құлағыңды кесіп аламын» деп көріңізші. Жауабынан талып қала жаздайсыз. «Мен сені папамның тапаншасымен атып тастаймын» дейді. Үлкеннен үрікпеген баланың жауабы осы. Олар жын шайтан дегеннің атын естігеннен апасының арқасына тығылған сіз бен біздей емес. Мұның бәрі де бізге көрнекі құрал болып жүрген шетелдік кинолардың әсері демей көріңіз. Бір мысал. Жуырда көршімнің үйіне «ұры» түсті. Дұрысы кішкентай ұрылар. Көшенің 4-5 жастағы «атамандары» жиылып алып көршімнің қақпасын бұзып кірген ғой. Ешкімі жоқ үйде ойларына істегендерін көрсең жағаңды ұстайсың. Бес алтауы жабылып жүріп үйдегі қымбат бағалы хрусталь вазаларды сындырған. Киімдерді шашып далаға алып шығып, бассейнге лақтырған. Тарелкелердің түгін қоймай шағып тастаған. Кітаптардың бәрі бассейнде жүзіп жүр. Дискілерді бір бірлеп суға лақтырған. Біраздан бері тірнектеп жинап жүрген докторлық диссертациясының бәрін суға ағызған ғой. Қуанышты сәттерінен сыр шертетін тойдың кассетасын да, дискісін де суға лақтырыпты. Екінші этаждан бірінші этажға жүгіріп, қараусыз үйді соғыс алаңына айналдырған. Газды ашық қалдырған.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети