Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қостанай облысында полицей рэп оқып, бейнебаяндар түсіреді

26 Қараша 2015, 15:55
0
© vk.com
© vk.com

Қостанай облысы Ұзынкөл АІІБ кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік инспекторы Аңсар Мұхтаров "Леди полиция" әнін жаздырып, "Вконтакте" желісіндегі парақшасына жариялады. Полиция капитаны рэп стиліндегі тректі органдарда қызмет ететін әйелдерге арнады. Әрине, өзінің жұбайы Жаннаға да, ол тергеуші болып қызмет етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Аңсар Мұхтаровтың айтуынша, ол "Леди полиция" әнін жазуды бір жыл бұрын қолға алған. Ол кезде полицей бар болғаны әннің бір шумағын жазып қойып, мәтінді жазу жұмыстарын кейінге қалдырыпты. Таяуда полицей әннің сөзін жазып аяқтады, ресейлік музыканттар оған арнап әнін арнайы жазды.

"Леди полиция" Аңсардың музыкалық қоржынындағы 47-нші ән. Барлығының стилі - лирикалық рэп. "Менде музыкалық білім жоқ, бірақ мен фортепианода ойнауды өздігімнен үйрендім, - дейді Аңсар. - Музыкаға әуестігім студент кезімнен басталды, ол кезде Ақтөбе заң колледжінде оқитынмын, кейін жұмысқа шығып, хоббиімді ұмыттым", - дейді ол.



© vk.com

"2012 жылы Қылмыстық іздестіру күнін атап өткенде "Полиция.kz" әнін жазып, сахнада әріптестеріммен бірге орындадым, кейін тағы бір ән жаздым, атауы - "Сағаттық жолдар", сол әнмен ҚР ІІМ ұйымдастырған шығармашылық байқауда жеңіске жеттім", - деді полицей. 


© vk.com

Полицейдің айтуынша, музыка ол үшін бар болғаны хобби, жанның әуестігі. Ол әндерін жұмыстан қолы босаған кезде жазады. Биыл полицей "Мен аңызбын" әніне бірінші бейнебаянын түсірді. Әнде ол өзі жайлы айтады. Видеоны Челябі клипмейкерлері түсірген, полицей оларды Қазақстанға түсірілім үшін арнайы шақыртыпты. "Көршілердің көмегіне жүгінуге тура келеді, себебі қостанайлық студиялардың қызмет құнын қалтам көтермейді. Бүгінгі таңда екінші бейнебаянымды түсіру туралы идеяммен жұмыс істеп жатырмын - "Күзгі сюжет" әніне", - деді Аңсар Мұхтаров.

 Келесі жылы полицей өзінің тұңғыш әнжинағын шығаруды жоспарлап отыр, оған ең үздік 13 әні жазылады. 

 
© vk.com


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай