02 маусым 2016 16:42

Қостанайда әлеуметтік желіде жала жапқан әйел жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қостанай тұрғыны "Одноклассники" әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай тұрғыны "Одноклассники" әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай қаласының тұрғыны азаматша Б. "Одноклассники" әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің атына кір келтіріп, жалған ақпарат таратқан азаматша А-ның үстінен сотқа шығым түсірді. Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған. Сонымен қатар, ол қала тұрғындарын қызға сенбеуге үгіттеп, оның фотосуретін де желіге салған", - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, тараптылған ақпарат салдарынан сотқа жүгінген азаматшаның беделіне нұқсан келтірілген. Оның алаятық жасап, адамдарды алдайтындығы туралы ақпарат жақындары, таныстары мен достарының арасында да тарапты. Сот отырысы барысында азаматшаның алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны дәлелденді.

Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азаматша А. ҚР ҚК-нің 130-бабы 2-бөлігі бойынша ("Жала жабу") айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Облыстық сотта қалалық соттың үкім өзгертілмей, сотталушының оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шағымы қанағаттандырылмады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети