Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қостанайда болашақ полицейлер қызға сөз арнау үшін жүрек пішінінде сапқа тұрды

20 Қазан 2014, 12:20
0
©Youtube.com/Жансая Оспан
©Youtube.com/Жансая Оспан

Қостанай облысында досының қызға деген сезімін білдіруі үшін болашақ полицейлер жүрек пішінінде сапқа тұрды, - деп хабарлайды "Алау". Өзгеше сөз арнау бейнеленген видеоролик интернетке жүктелген.

Түсірілім Қостанай ІІМ академиясында болды. Роликтің басты кейіпкерлері - Әсем және Нұркен есімді ғашықтар осы академияда оқиды. Қызына ерекше әдіспен сөз арнағысы келген болашақ полицей 4 студентке алаңға жүрек болып сапқа тұруды сұраған, алаңда Әсем мен Нұркенге қызыл кілем жайылған. Жас жігіт өз сүйіктісіне жүзік пен гүл сыйлады. Нұркеннің сүйіктісі келісімін берген соң ол оны көтеріп, ал курсанттар фуражкаларын аспанға лақтырды. Некелескен жұпты академияның барлық студенті құттықтады. Жастарға болашақ полицейдің командирі әрі тәлімгері құттықтау тілек айтты.

Айта кетейік, жақында Астана қаласы тұрғынының өз қызына сөз арнаған видеосы интернетте пайда болған еді. Санжар Кәрімбеков 16 автокөлікті жүрек қалпында қойды. Ғашық жігіттің арманын орындауға оның достары көмектескен. Бұдан басқа, ғашық жігіт 101 мақтау сөз жазылған 101 гүл сыйлады. Сүйіктісі оған келісімін берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай