24 сәуір 2016 22:05

Қостанайлық 114 жастағы кейуана ұзақ жасаудың сырын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz/kz © 24.kz/kz

Қостанай қаласының тұрғыны Марфуға Селтеткенова биыл 114 жасқа толды. Тылда еңбек еткен ана қазақ елінің бірнеше мерейтойлық төсбелгілерін кеудесіне тақты, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.


Қостанай қаласының тұрғыны Марфуға Селтеткенова биыл 114 жасқа толды. Тылда еңбек еткен ана қазақ елінің бірнеше мерейтойлық төсбелгілерін кеудесіне тақты, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Марфуға апа 1902 жылы Ресейде туып, кейін замана желімен Меңдіқара ауданына келген. Марфуға әже тағдыр тауқыметін көп тартыпты. "Кәмпеске, аштық, соғыстың да куәсі болды, тылда еңбек етті. Алғашқы қосағынан ерте айрылып, шиеттей төрт баласымен екінші рет тұрмыс құрды. Одан алты бала сүйді, екі баланы бауырына басты. Ауыр жылдары ауылда колхоз жұмысына жегілді. Киім тігіп, алаша тоқыды", - деп сипаттайды әженің өмірін тілшілер. 

Марфуға әже өмір бойы қолынан қасиетті кітаптарын тастамапты. Жасында медреседе діни сауат ашқан ол ана тілімен қатар орыс, араб, башқұрт, татар тілдерін жетік біледі. Көмбе кеуде кейуана ән де шырқайды. Ал осындай ұзақ жасауының сыры деп әже дұрыс тамақтануды атап отыр. "Табиғи, ұлттық тағам және сабыр, еңбек, мейірім мен тазалық ғасырдан артық ғұмыр кешуімінің басты сыры. Нан пісірдім. Жұмыс істеп жүрген адамдардың киімін де жудым. Сол ауылдың ударнигі мен болдым. Қандай жұмыс берсе бәрін істедім" - деді қейуана. Сонымен қатар, Марфуға Селтеткенова асты талғап ішіп, айрықша күтінген жан емес екенін айтады. 

Ал 69 жастағы қызы Жібектің айтуынша анасы өте қонақжай, қайырымды, еңбексүйгіш адам екен. "Балық аулауға, құс атуға келген кісілердің бәрі біздікінде болатын. Бие ұстайтын да біздің үй болған. Көршілер осы күнге дейін "әже, әже" деп біреуімізбен де бір ұрсысып, не жаман сөз айтып көрген емес, бәрімізді де қарсы алып отырады. Алланың жолында жүргесін, ылғи жақсылық жасағасын да ұзақ жасаған шығар деп ойлаймын", - деді қызы Жібек Құрманова. Сонымен ұатар, кейуананың бес баласының көзі тірі, ал немере, шөбере, шөпшегі алпыстан асады екен. 

Қазіргі уақытта ұзақ жасаған әжейдің ұрпағының бір шеті сонау Дубайда тұрып жатыр. "Ақтауда, Алматыда, Шымкентте, Челябіде, Астанада, Өскемен, бар жерде тұрып жатыр, ағайындар көп", - дейді кейуананың қызы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети